ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БЛОГЫ

Құрметті шымкенттіктер!

Сіздерді Шымкент қаласы әкімдігінің блог-тұғырнамасында көргеніме қуаныштымын!

Жаңа интерактивтік ресурс арқылы сұхбаттасу және кері байланыс орнату әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға себін тигізетініне, ал біздің ынтымақтастығымыз екі жаққа да пайдалы әрі қызықты болатынына сенімдімін.

Өздеріңізді толғандырған сұрақтарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруды және ой-пікірлеріңізбен бөлісуді ұсынамын. Барлық сұрақтарыңызға тұшымды жауап ала аласыздар. Осылай ғана біз кемшіліктерді жойып, жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарта аламыз. Сонымен қатар, осы блог-тұғырнама арқылы қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар басшыларының жеке парақшаларына кіріп, оларға өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

Кері байланыстың блог арқылы ғана болмауы үшін өз байланыс телефондарыңызды қалдыруды сұраймын. Бұл қажет болған жағдайда сіздермен байланысуға көмек болмақ.


Қабылдау күні:
әр айдың 3-ші сәрсенбі сағат 15.30-ден 17.00-ге дейін

Байланыстар:
Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 6
+7 (7252) 55-00-10


Өмірбаян

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы туылған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген.

1996-1997 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті.

1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы.

2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.

2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.

2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы.

2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР