Шымкенттің миллионыншы тұрғынына сыйға пәтер берілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласының миллионыншы тұрғыны дүниеге келген отбасын құттықтап, қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Жас отбасы - Еламановтардың тұңғыштары Айсұлу мегаполистің миллионыншы тұрғыны атанып отыр.

 

 

   

 

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бірнеше жыл бұрын Шымқаланы миллион тұрғыны бар орталыққа айналдыру бастамасы көтерілгенін айтқан облыс әкімі сол мақсат жүзеге асып, Шымкент еліміздегі миллион халқы бар үш қаланың біріне айналып отырғанын атап өтті.

 

- Елбасы Астанада өткен экономикалық форумда Шымкент қаласын миллионды қалалардың қатарына қосылғанын жариялады. Ал шымкенттіктер республикалық статус иелену бастамасын өте қызу қарқынмен қолдады. 2017 жылдың қорытындысына сәйкес Шымкент тұрғындары 39 мың адамға өсті. Ал миллионыншы тұрғын 17 мамыр күні дүниеге келген. Ол азаматша, өздеріңіз көріп отырған Еламанова Айсұлу - жас отбасының бірінші перзенті. Шымкенттіктердің атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте дені сау, еліне елеулі, халқына қалаулы қыз болып өсіп, елдің нағыз патриот азаматшасы болсын!,-деді Ж.Түймебаев.

 

 

   

 

 

Айсұлудың ата-анасы Еламанов Самат пен Ахайбекова Айжан өздеріне көрсетіліп жатқан үлкен құрмет пен сый үшін облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Айта кетейік, сәбидің анасы Ахайбекова Айжан Хамитқызы 1996 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы банктердің бірінде менеджер болса, әкесі Еламанов Самат Талғатұлы Сарағаш ауданы, Абай ауылында 1995 жылы туған. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы ауруханада жұмыс істейді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР