Шымкентте Бекет батыр арбаты ашылды

Шымкентте Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Бекет батыр арбаты ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі, депутаттар арнайы қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.

 

- Шымкент – еліміздегі Астана мен Алматыдан кейінгі ең ірі қаланың бірі екені баршаңызға белгілі. Сондай-ақ, Шымкент өз тарихында жасыл қала болып қалыптасқан. Енді қаланы одан әрі көгалдандырып, көркін ашатын демалыс орындарын санын арттыру мақсатында Бекет батыр арбаты халықтың игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Міне, осындай игі шараның куәсі болып отырмыз. Жаңа арбат қала тұрғындарының жазда саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орнына айналсын. Баршаңызға сәттілік, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! – деді Жансейіт Түймебаев.

 

 

   

 

 

Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында. Онда жаңа шамдар ілініп, орындықтар қойылған. 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 2000 шаршы метр жерге аяқжол төселген. Бұдан бөлек арбат аумағына 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш көшеттері мен 1000 түп раушан гүлі егілді. Түнгі арбатты 76 көше шамы мен 45 кіші торшер жарықтандырады.

 

Облыс әкімі бастаған топ, сондай-ақ, 11 және 12-шағынаудандар арқылы өтетін Шымкент каналының маңындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, аймақ басшысы бұған дейін жауапты мамандарға ұзындығы 20 шақырым су арнасының көпқабатты үйлері бар жағалауын демалыс орындарына айналдыруды тапсырған болатын. Бүгінде аталған жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда. Канал бойында 51 гараж болса, оның 31-ін иелері өз еркімен бұзған.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР