Шымкентте «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэшмобы өтті

Шымкенттегі Наурыз алаңында шаһар тұрғындары және қала басшысы Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэш-мобы өтті. 


Миллионды шаһарда бір сәтке  қаланы электр көзінен ажырату арқылы 1 млн. киловатт электр энергиясы үнемделді.
Осылайша миллионды еңсерген Шымкент қаласының даталы мерекесін атап өтуге жиналған мыңдаған тұрғындар көкке шам ұшырды. 

 

Сондай-ақ көпшілік көтеріңкі көңіл күймен билеп, қалта шамдарын көтеріп туған қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін  білдірді.

 

Айта кетейік, бұл флешмоб эко-акцияға ұласты. Іс-шара соңында қатысушылар қоқысты тазалауға да атсалысты.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР