Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды. Қала әкімі осы лауазымға тағайындалған Али Алтай Сембекұлының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

 

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

 

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақ-Австрия бірлескен "Рахат" АҚ "Рахат Палас Отель " кәсіпорны байланыс орталығының қызметкерлігінен бастаған. 2010-2011 жылдар аралығында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

 

29.09.2014 - 13.01.2015 жылдар аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, 14.01.2015 - 27.12.2015 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейін ҚР Премьер-Министрі хатшылығының бас сарапшысы лауазымы қызметтерін атқарды.

 

30.12.2016 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі өңірлік даму бөлімінің бас кеңесшісі қызметін атқарды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР