Шымкентте топырақ жолдар болмайды

Шымкентте бұдан былай топырақ жолдар болмайды. Жүруге қауіпті әрі қолайсыз көшелердің барлығына тас төселіп аяқталып қалды.

 

Айта кетейік, Шымкенттегі жолдардың жалпы ұзындығы – 2882 шақырым. Соның 334 шақырымы жолсыз деуге болады. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы осы көшелердің тұрғындары қыста – саз-балшықпен, ал күн ыстықта май шаң басқан жолмен жүруге мәжбүр болған еді. Енді биыл олардың талап-тілектері әкімнің назарынан тыс қалмады.

 

Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев 2019 жылға дейін шаһарда топырақ жолдар қалмайды деп мәлімдеген болатын. Ондай жолдардың барлығына тас төсеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда аяқталып қалды. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде жалпы алаңы 1 миллион шаршы метр жолға тас төселді.

 

- Біз қала әкімдігінің тапсырмасын мерзімінде орындап шығамыз. Ал жұмыстың сапасын сарапшылардан бөлек көше төрағалары да бақылап отыр, - деді қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Абай Тұрханов.

 

Айта кетейік, көшелерге тас төсеу жұмыстары жоспарлы мерзімінен бұрын, шілде айында аяқталады деп күтілуде.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР