Шымкент зообағында Африка аймағы ашылды

Қайта құрудан соң пайдалануға берілген Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының ашылу рәсімі өтті. «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» акциясы аясында өткен cалтанатты іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, қала əкімі Н.Сауранбаев, депутаттар мен қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

 

 

   

 

 

 

Заман талабына сай, ашық табиғи ортаға бейімделген «Африка» контингентіндегі павильондар саябақтың көркін ашуда. Айта кетейік, 2010 жылы зообақты қайта құру жұмыстары басталып, қазір 3-кезеңі жалғасуда. Қайта құру жұмысы бойынша 2013 жылы «Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы басталып, жоспарлы уақытында аяқталған. Қазіргі кезеңде 9 вольер салынуда.

 

 

 

   

 

 

 

Жалпы, Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Бүгінде зообақта 249 түрлі 2478 жануар бар. 2017 жылы зообаққа келушілер саны 426 мыңға жетсе, 2018 жылғы 3 айда 60 мыңнан астам адам келді. Жануарлардың өсу динамикасы жыл санап артуда. Құрылған кезде зообақта 75 түрлі аң болса, 2017 жылы 248 түрлі жануарға жетті.

 

Ал "Африка" аумағын жан-жануармен толықтыру мақсатында ЕАРАЗА құрамындағы зообақтардан аңдарға сұраныс берілді. Одан бөлек Mafunyane, Amazonia Zoo, Animals azia, International Zoo секілді әлемнің басқа да құрлықтарынан жануар алып келетін фирмалармен келіссөздер жүргізілді.

 

 

 

   

 

 

Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына орай 2020 жылы жануарлар түрін 1000-ға және келушілер санын бір миллонға жеткізу жоспарлануда.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР