Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін үйлер салынады

Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кетейік, бұл пәтерлер тек «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне ғана беріледі.

 

 

 

   

 

 

 

Бұл келісімге сәйкес жалпы аумағы 150 мың ш.м. болатын нысандар салынатын болады. Тұрғын үйлер қаланың екі бірдей жаңа ауданында - Shymkent City мен әкімшілік-іскерлік орталықта салынбақ. Бұл үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 140 000 теңгені құрайды.

 

Алғашқы 598 пәтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне биыл беріледі деп күтілуде. Осы мақсатта қаланың қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында 11 үй салынуда. Құрылысшылар бұл нысандарды 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

 

– «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, үй алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлеміндегі бастапқы жарна болуы жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, депозитте 1,1 млн теңге жинау керек. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді, - деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті.

 

Қалған 1 880 пәтердің құрылысы мен пайдалануға берілуі 2019 жылға жоспарланып отыр. Жаңа үйлер ShymkentCity ауданында салынбақ.

 

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бұл пәтерлерден мына талаптарға сай келетін азаматтар үміткер бола алады:

- ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие азаматтар; 

- өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік үйінің болмауы;

- төлем қабілеттілігін растай алуы.

 

Айта кетейік, аталған талаптарға сай келмеген банк салымшылары баспананы басқа бағдарламалар арқылы ала алады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР