Шымкентте жаңа балабақша ашылды

Шымкент қаласындағы Шағын Самал шағынауданында «Лилия» балабақшасының ашылу рәсімі өтті. Балабақша 100 балаға шақталған, қазіргі таңда мұндағы 75 орынға мемлекеттік тапсырыс бар. Жолдама алған балалар үшін төлемақы көлемі мемлекеттік балабақшалармен теңестірілген. Балабақшада 4 топ бар. Ұжымның ұстанған негізгі бағыты - бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулу.

 

 

   

 

 

Мұнда заманауи сауықтыру әдістері жан-жақты ойластырылған. Балалардың дене шынықтыру шараларына белсенді қатысуға мүмкіндік бар. Сумен ширықтыру және жаттығу терапиясынан (физиотерапия) бөлек мұнда музыка, хореография және ағылшын тілдерінде қосымша сабақтар өтіледі.

 

 

 

   

 

 

 

Айта кетейік, 2018 жылы Шымкенттегі мектепке дейінгі 459 мекемеде 69 764 бала білім алады. 88 балабақша мемлекеттік меншікте. Онда 24 261 бүлдіршін тәрбиеленуде, мектеп жанынан ашылған 20 шағын орталықта - 1070 бала, жекеменшік 351 балабақшада 32 572 бүлдіршін бар. Мектепке дейінгі білім беру топтарында (5-6 жас) 11 861 бала қамтылып отыр.

 

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес балабақшаларда 3-6 жасар бүлдіршіндердің 87,9 пайызы (30 546 бала) қамтылған. 2018 жылы бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласына 46 балабақша қажет және олардың барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынады деп күтілуде.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР