Бейбітшілік даңғылы Шымкенттің жаңа Арбатына айналады

Даңғылдың бір бөлігінде қазір құрылыс жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері көшенің бұл бөлігі өз атауына толық сай болады деп уəде беруде. Болашақ қазірден басталатындықтан, қала əкімі құрылыстың əр кезеңін бақылауына алды.

 

Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрікті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады.

 

 

   

 

 

Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ерекше жарықшамдар болады. Ал демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады. Ол жаяу жүргіншілер жолының бір аймағына айналады.

 

 

 

   

 

 

Айта кетейік, Арбат көшенің бүкіл енін алады, ал ұзындығы 430 метр болмақ. Бұл аумаққа хризантема жəне канны гүлдері, көп жылдық ағаштар егіледі. Сарқырамалар орнатылып, Бейбітшілік көшесінің Республика даңғылы жəне Əл-Фараби алаңымен қиылысына арка орнатылмақ.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР