Өнер жұлдыздарының ХҚО-дағы бір күні

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне бүгін қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттік қызмет көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет бір күнге Қыдырәлі Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзімбек Байлинды «жұмысқа қабылдады». Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды беріп отырды.

 

 

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара бүгін бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өтті.

 

Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөліктердің дайын нөмірлік белгілері мен техпаспорттарын беріп отырды. "Адамдармен жұмыс істеу қашанда қиын. Келушілер әртүрлі. Біреулер оң көзқараспен келсе, кейбіреулер бірден негативті көңіл күйде болады. Бұндай халық легін игеру үшін өзің аздап психолог болуың керек. Ең бастысы әрқашан күлімдеуді ұмытпаған жөн", - деді әнші.

 

Белгілі тележүргізуші Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзін кеңесші рөлінде сынап көрді.  "Мен үшін бұл бір жаңа тәжірибе болды.  Кеңесші болған екі сағат ішінде мен шынайы стрестік жағдайда болдым және ХҚО қызметкері жұмысының қаншалықты ауыр екендігін түсіндім. Мұнда тек білікті маман болып дұрыс кеңес беру аздық етеді екен, себебі келушілер әртүрлі, олардың түрлі мәселелері мен түрлі көңіл күйлері маманнан қарымқатынас жасаудың жоғары біліктілігін талап ететіндігін" – Ғани атап айтты.

 

Азаматтарға арналған үкіметтің 314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмет етеді. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан  кешкі 8-ге дейін талмай еңбек етіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар.  Бүгінде ХҚО арқылы 600-ден астам мемлекеттік қызмет алуға болады. Бір жылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР