Шымкенттік депутаттар Нұрлан Бекназаровты Сенатқа сайлануымен құттықтады

Шымкент қалалық әкімдігінде кезектен тыс 39-сессия өтті. Онда халық қалаулылары өз әріптестерін, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Нұрлан Бекназаровты ҚР Парламенті Сенаты сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Жаңа салада жемісті еңбек тіледі.

 

 

 

   

 

 

– Бұл - біздің қала үшін тарихи сәт, - деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. - Жазда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және Сенатқа сайлау өткізу туралы бірден екі маңызды Жарлыққа қол қойды. Және ол Жарлықтар орындалды. Алғаш рет саяси аренада Шымкент қаласының  депутаттары дербес аумақтық бірлік ретінде таныстырылады.

 

 

 

   

 

 

Айта кетейік, Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы қызметін 13 жыл бойына атқарды. Әріптестерінің айтуынша, ол мегаполис үшін маңызды шешім қабылдау кезінде әр депутаттың пікірін ескеріп, туған қаласы үшін еңбек етті.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР