Облыстық ақпараттық-насихаттық топ қала активімен кездесті

      ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топтың  қала активімен кездесуі өтті. Жиынға қалалық бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

 

 

      Жиында алдымен баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі Дархан Сатыбалды бұл жолғы стратегиялық құжаттың мемлекеттің өркендеуіне негіз қалайтынын айта келе, оның ішінде дамуға жол ашатын басым бағыттарға кеңінен тоқталды.

      Айта кетсек, Елбасымыздың биылғы Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, елімізде инвестициялық климатты нығайту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керегі, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар жүргізу қажеттігін басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғыда өңірде дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу арқылы жүйелі жұмыстарды қолға алынуы қажеттігі нақтыланды.

      Келелі кеңесте сөз алған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ОҚМПИ-ның Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Сапарханұлы, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды атап өтті.

      Жиынды қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қорытындылады.

      – Жолдауда негізінен кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту сынды әлеуметтік салаларға басымдық берілген. Жұмыссыз жастардың қатарын азайту мақсатында мемлекет өз тарапынан ниетті азаматтарды кәсіпкерлік саласына баулып, ол үшін 16 миллион теңгеге дейін микронесие ұсынуда. Тұрғындар саны 1 миллионға жуықтайтын Шымкент қаласында инвестиция тартудың мүмкіндігі жоғары. Ендігі жерде, Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда бірлесе қызмет атқарғанымыз жөн, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы. 

Ақпараттық-насихат топтары Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру шараларын жүргізетін болады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР