Шымкент қаласында сейсмонығайту жұмыстарын жандандыру жоспарлануда

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың төрағалығымен қала әкімдігінің мәжілісі өтті. Күн тәртібінде сейсмоқауіпті нысандарда сейсмонығайту жұмыстарының жүргізілу барысы, жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияларының жұмыс қорытындысы тыңдалды.
Алдымен Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласы әкімдігінің  фронт-офисі енді «Халық кеңсесі» болып өзгертілгенін мәлімдеді. Бұл шешім әкімнің есеп беру кездесуіндегі тұрғынның ұсынысына сәйкес қабылданды.
      Тұрғын үйлердің басым бөлігінің пайдалану мерзімі 50-60 жылдан асқанына байланысты сейсмонығайту жұмыстарының жүргізілуі өте  маңызды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Т. Қасымбековтың айтуынша, қалада ғасырға жуықтаған бірнеше ескі тұрғын үй бар. Аталған аумақтар қаланың орталық бөлігіне жақын орналасқан. Бүгінгі таңда қала тұрғындарынан үйлерін сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізуге жататын үйлердің тізіміне енгізуге өтініштер келіп түсуде. Мәселен, қазіргі кезде 140 көпқабатты тұрғын үй сейсмикалық зерттеуді қажет етеді және алдағы екі жылда 90 үйге сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 
      Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы М. Жақсыбаев қала аумағындағы бірнеше көпқабатты апатты тұрғын үйлердің бүгінгі ахуалына талдау жасады. Атап айтқанда, Түркістан көшесіндегі №14, Абай даңғылындағы №9, Қазыбек би көшесіндегі орналасқан Адвокаттар үйі, Жылқышиев көшесіндегі №28 үй қайта құрылымдауды қажет етеді. Осы орайда, Ғ. Әбдірахымов жауапты сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.
      Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы А. Қайыпов мүлікті жария ету жұмыстарының қорытындысын атап өтті. Мүлікті жария ету науқаны барысында Шымкент қаласы бойынша құрылған 4 комиссияға барлығы 4 729 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 3607 өтініш бойынша жылжымайтын мүлік жария етіліп, 1122 өтініш бойынша жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тартылған. Жария етілген мүліктердің жалпы соммасы шамамен 44 млрд. теңгені құрайды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР