Қала бюджеті нақтыланды

       Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 11-ші сессиясы өтті. Онда ОҚО мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы шешіміне сәйкес Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Сессияға қала әкімі Ғ. Әбдірахымов арнайы қатысты.



      Мәжілісті қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ғ. Ташқараев жүргізді. Бұған дейін Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті тұрақты комиссияда егжей-тегжейлі қаралған. Сол кезде қалалық бюджетке қандай өзгерістер енгізілгені туралы қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова мәлімдеді. Түзетулердің нәтижесінде 2017-2019 жылдарға  арналған нақтыланған бюджет былайша бөлінген:

–  республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан жалпы 599, 7 млн. теңге көлемінде қосымша қаражаттар бөлінді;

– облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің жалпы 599,7 млн. теңгесі қысқарды;

 

  • жергілікті бюджет бойынша, қала бюджетінің кіріс бөлігін 2517, 9 млн. теңгеге ұлғайтылып отыр, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі бойынша үнемделген қаражаттар келесідей мақсаттарға пайдаланылуда, оның ішінде:
  • білім, денешынықтыру және спорт, әлеуметтік қолдау және мәдениет салаларына 475, 1 млн. теңге, құрылыс саласына 304,5 млн теңге, жолдарды жөндеу мен құрылысына 905, 7 млн. теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 1314,6 млн. теңге, тұрғын үй қатынастары 218,8 млн. теңге және де өзге мақсаттарға қаржы бағытталуда.

         Қалалық мәслихат хатшысы Н. Бекназаров тұрақты комиссиялар және фракциялар отырысында бюджет мәселесіне қатысты депутаттардың тарапынан біраз сауалдардың туындағанын айтты.

– Тоғыс елдімекенін ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі туралы, жарық, кәсіпкерлік және спорт мәселелеріне байланысты сауалдарға депутаттар өз жауабын алды деп ойлаймын, - деді Н. Құдиярұлы.

      Жиында сөз алған қала әкімі Ғ. Әбдірахымов депутаттардың шешіміне алғыс білдірді. Көктемде атқарып үлгеруге тиіс шаруаның шаш етектен екенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Өткен сессияда мәслихат құрамына қосылған депутаттар Т. Сұлтанова мен М. Нұрмановты құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР