Электронды бақылау жүйесі оқушылардың үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді

      Шымкент қаласы әкімдігінің прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесіп әзірлеген «I-mektep» электрондық бақылау жүйесі еліміздің өзге өңірлерінде де тәжірибеге енгізілуі мүмкін. Аталмыш пилоттық жобаны жүзеге асыруды ҚР Парламентінің депутаттары ұсынып отыр.

      Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде белгілі болды. Онда күн тәртібіне сәйкес, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың барысы, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

      Еске сала кетсек, «I-mektep» электронды жүйесі оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау бойынша қала аумағындағы 29 мектепте жұмыс істеуде. Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, электронды бақылау жүйесі оқушылардың үлгерімін 15-тен 35 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

      – Оқушылардың сабаққа жүйелі түрде қатысуы – қылмыстық жағдайдың алдын алуда маңызды орын алады, – дейді Данияр Мейірхан. – Бұл жүйе өз кезегінде, біздің ұзақ жылдар бойы атқарып келген қызметімізді едәуір жеңілдетіп, құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізуде.

      Ендігі жерде, Шымкент қаласының мектептерінде қолданысқа енген аталмыш пилоттық жүйе ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тарапынан зерделеніп, ел аумағындағы өзге де орта мектептерде жүзеге аспақ.

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР