Шымкент қаласында жасөспірімдер спорт лигасы құрылады

      Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы – салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Осы орайда, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов спорттық ойын түрлерінен жастар спорт лигасын құруды ұсынды.

 

 

      – Түрлі командалық спорт түрлері бойынша мектеп лигасын құрып, оны қаржыландыруда қаладағы ірі кәсіпкерлерді демеуші ретінде тартуға болады, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы қала әкімдігінің кезекті мәжілісінде. – Жеңімпаз деп танылған команда мүшелерін бағалы сый-сияпатпен марапаттап, Астана немесе тіпті, Түркия қалаларына саяхаттауына мүмкіндік жасауымыз керек.

       Ол үшін жастардың қоғамдық қызметтерге белсенділігін арттыру және оларды жүйелі ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланып, түрлі бағыттағы флешмобтарды ұйымдастыру күн тәртібіндегі алғашқы мәселе болмақ..

      – Салауатты өмір салты және ізгі бастамалар трендке айналуы тиіс, – деді  Ғ. Рахматоллаұлы. – Кеңес заманында, қарт адамдарға жәрдем қолын соза білген «тимуршылар» қызметін қазір де жандандыру керек. Бүгінгі идеология ретінде жастарға осындай бастамаларды ұсына аламыз.

      Сондай-ақ, жиында ОҚМУ-нің ғимаратына қарсы бетте орналасқан, «Гарант» аталатын дүкен маңында ұялы телефондарды саудалаумен айналысатын азаматтардың мәселесі де сөз болды. Бұл орайда, қала әкімі жауапты сала мамандарына аталмыш орында бей-берекет әрекеттерді шектей отырып, ұялы телефондарын саудалаушы азаматтар үшін жаңа ғимаратты пайдалануға беруді тапсырды.

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР