Қошқар ата өзенінің бастауында жаңа шағынаудан салынады

      Қошқар ата өзені маңайындағы ескі үйлерді бұзып, осы ауданды көркейтуге қатысты "Жаңарту" бағдарламасы қабылданған.  Құрылыс 2018 жылы басталмақ.

      Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі – 29 гектар. Енді Қошқар ата өзенінің оң жағалауындағы 460 нысан сүрілмек. Соның ішінде 420 жекеменшік үй бар. Бұл нысандар сүрілген соң орнына 9 және 12 қабатты 61 үй, балабақша салынады. Ал мұндағы мектеп кеңейтіліп, танымастай өзгереді. Коммерциялық нысандар да салынбақ, дегенмен, олар тұрғындарға кедергі келтірмеуі тиіс.

      Үйлерді мемлекет мұқтажына алу мәселесі біртіндеп шешіледі. Бұл тұста бірнеше жол қарастырылған. Мысалы, бірінші жоспар бойынша тұрғындарды уақытша үйлерге көшіріп, құрылыс аяқталған соң бұрынғы үйлерінің ауданымен тең болатын пәтер беріледі. Ал өзге жоспар бойынша тұрғындардың үйлері бағаланып, сатып алынбақ. Енді бұл екі жолды тұрғындардың өздері таңдайды.

      Бұған қоса, қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі сағасын кеңейту жобасы талдануда. Өзен жағасындағы өсіп тұрған ағаштар толық сақталады.

 

 

ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР