Шымкент зообағында ірі жыртқыш аңдардың бөлек аймағы болады

      Қазіргі таңда зообақ басшылары арыстан мен жолбарыстарға қажетті жағдайды жасауды ойластыруда. Бұл жобаның барлығы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге аспақ.

      Бүгінде Шымкент зообағында қайта құру жұмыстары жалғасуда. Таяу күндері ондағы Африка аймағы толық ашылады деп күтілуде. Қазір мұнда жабайы жануарлардың барлығы дерлік жіберілген.

      - Сусиырды біз кәріз жүйесі қосылған соң ғана вольерге жібереміз, - дейді зообақ жетекшісі Нұрғазы Бұхарбаев.

      Гепард тұратын орынның да құрылысы жүруде. Ал ірі жыртқыш аңдарға біраз күте тұруға тура келеді. Бұл үшін алдымен арнайы жоба жасалуы тиіс.

      - Жақында зообақтағы жұмыстармен танысып қайтқан қала әкімі зообақты жаңа аңдармен толықтыру керек деп ұсыныс айтқан. Қазір біз осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Шаһар басшысы сол кезде ірі жыртқыштарға бөлек жай дайындау керегін де айтқан болатын, - дейді зообақ басшысы.

      Зообақ бүгінде қаланың танымал жерлерінің біріне айналған. Енді мұндағы ірі жыртқыш аңдар жаңа әрі қолайлы жайларға жайғасады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР