Құрылыс нысандарының сапасы зерделенді

      Шымкент қаласында биыл 9 мектеп пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда жаңа 15 мектеп ғимараты салынуда.

      Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов салынып жатқан мектеп құрылысы жұмыстарының барысымен танысты. Халық саны күн санап өсіп келе жатқан облыс орталығында бүгінде мектеп пен балабақшаға деген сұраныс та арта түскен. Шымкентте жылына шамамен 4500 бала дүниеге келеді, сәйкесінше, мұндай өсім көрсеткішімен жылдан-жылға қала орталықтарындағы мектептер тарлық етуде.



      «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Ақжайық» шағынауданындағы №59 мектептің жаңадан салынып жатқан ғимаратында болған қала әкімі 600 орынға лайықталған жаңа ғимараттың құрылыс сапасына назар аударды. Ғимарат құрылысы үшін заманауи материалдар пайдаланылып, мектептің едені шыдамды төсенішпен жабдықталған. Өз кезегінде, қала әкімі «Шахар Құрылыс International» мердігер мекемесіне құрылысты жоспардағы кестеден кешіктірмей, дер кезінде тапсыру қажеттігін ескертті.

      Осы сапар барысында жобалау-сметалық құжат пен әр нысандағы құрылыс барысын мердігер мекемелермен бірге талқылау ұсынысы айтылды. Нақты айтқанда, жобалау-сметалық құжатқа енгізілуі мүмкін өзгерістер алдын ала зерделенуі тиіс. Себебі, кейде құрылыс барысында жобаны жақсы жағына өзгертуге болатыны анықталып жатады.

      – Дайын жобалық-сметалық құжаттан бастап өзгертуге дейінгі тұстарды талқылау кестесін жасайық. Мысалы, есік-терезелердің түсі мен пішінінен бастап материалына дейін өзгерту мәселелерін талқылауға болады, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.



      Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында қалалық білім беру мекемелері – 129 мектеп пен 385 балабақша ғимаратында толығымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 15 мектепте жаңа қосымша ғимараттар салынуда. 1200 орындық 1 жаңа мектеп ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сала мамандары қазіргі таңда, қалада үш ауысымда дәріс беретін сегіз мектептің барын айтады. Дегенмен, алдағы 2 жылда қала аумағында үш ауысымда білім беріп келген білім ұяларының мәселесі толығымен оң шешімін таппақ.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР