4800 оқушы оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды

      2017 жылдың тамыз айында Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің саны 228-ге жетіп, оның 132-сі мектеп, 88-і балабақша болса, 8-ін мектептен тыс мекемелер құрап отыр. Шымкент қаласындағы 132 мектептің 118-і типтик ғимаратта, 12-сі ыңғайластырылған ғимаратта, ал 2 мектеп жабық мекемеде орналасқан.
Биылғы жаңа оқу жылының басталуына орай №125,128,129 үш жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, №69 және №97 мектептерінің ғимараты жаңарса, қала аумағындағы тағы үш мектепте қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазір жаңа ғимараттар оқу құралдарымен жабдықталуда. Тамыз айының соңына дейін пайдалануға тапсырылмақ.
      Бүгінге дейін Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін 8 мектеп жұмыс істеп келді. 1 қыркүйекте «Достық», «Ақжайық», «Жаңаталап», «Қайнарбұлақ», «Сәуле» шағынаудандарындағы 5 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, 4 800 оқушы қалыпты білім беру жүйесіне көшеді.
1200 орындық тағы бір жаңа мектеп желтоқсан айында Әкімшілік іскерлік орталығында пайдалануға беріледі. Ал «Таскен» тұрғын алабындағы үш ауысымдық мектептің мәселесі 2018 жылы шешімін табатын болады. Сондай-ақ, «Самал-3» шағын ауданында да жер телімі рәсімделіп, оқушылар үшін жаңа білім ошағының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Оның құрылысын 2018 жылы бастап, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиева бала саны белгілі мөлшерден артық 5 мектептің барын айтады.
      – Бұл мектептерді үш ауысымдық оқу жүйесіне көшірмей-ақ, оқушыларға білім беруін жеңілдету мақсатында жақын маңдағы басқа мектептерден сынып бөлмелерін қарастырдық. Атап айтқанда, №9, 23 мектеп оқушыларына №14, 20 мектептерден сынып бөлмелері берілетін болады. Ал №1, 46, 65 мектептерге жалға алуға ғимараттар іздестірілуде, – дейді ол.
      Бөлім басшысының айтуынша, №1 мектептің жанынан қосымша құрылыс салу үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған ұқсас №65 мектептегі мәселені ретке келтіру үшін мектеп жанынан қосымша 0,72 га жер мемлекет мұқтаждығына қайтарылды. Қазіргі таңда рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарланып отыр.
      Демек, 2020 жылға дейін Шымкент қаласында үш ауысымдық мектептердің мәселесі толық шешімін табады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР