«Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы өтеді

      Шымкентте 2017 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 10.00-де Желтоқсан көшесі мен Д. Қонаев даңғылының қиылысынан Әл-Фараби алаңына дейін облыстық басқарма, департамент мамандары, медицина ұйымдарының қызметкерлері, студент жастардың қатысуымен «Жүру зиян емес, жүрмеу зиян» ұранымен жаяу жүру марафоны өтеді. Шара «Менің денім сау болса, елім сау» флешмобына және «Салауатты рух» ұранымен спорттық көріністерге ұласады.

      Сонымен қатар, мекемелердің, орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Пайдалы тағамдар», «Күз сыйы» атты көрмелерінің жұмысы барысында дайындалған өнімдердің пайдалы қасиеттерін дәріптейтін мастер-класс сабақтары жүргізіледі. «Денсаулық қалашығында» қала тұрғындары мен қонақтары медициналық жолдамасыз-ақ дәрігерлерге қаралып, түрлі диагностикалық тексерулерден өтіп, тегін экспресс-анализдер тапсыра алады. Іс-шара соңы көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын түрлі мәдени-спорттық бағдарламаларға жалғасады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР