Шымкентте SANTO зауытының жаңа цехі ашылды

      Шымкент қаласында SANTO зауытының 135 жылдық мерейтойы аясында қатты пероралды дәрілік заттарды шығаратын жаңа цехтің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысты.

 

 

      Айта кетейік, жылына 200 миллион таблетканы шығаруға қауқарлы бұл жаңа өндіріс Polpharma тобының бірізділікпен жүзеге асырып келе жатқан ауқымды инвестициялық бағдарламасының кезекті жемісі болып табылады. Инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорында ампулаларға құйылған дәрілік заттар өндірісі, пакеттер мен құтыларға құйылған инфузиялық ерітінділер өндірісі, антибиотик ұнтақтарын шығаратын екі цех іске қосылып, сондай-ақ, дайын өнімдерді сақтайтын қойма, Ғылыми-зерттеу және сынақ жүргізу орталығы, сапаны бақылау зертханасы, инфрақұрылым жаңартылып, жаңа қазандық салынды. 2020 жылға дейін жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 108 млн. АҚШ долларынан асады. Қазіргі таңда 70 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы игерілген.

      Бүгінгі күні SANTO күрделі ауруларды емдеуге арналған әрбір үшінші препаратты өндіріп, тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында Қазақстанның емдеуші мекемелеріне жеткізеді. Компанияның өз өндірістерін жаңғыртуы және де қызмет бағытын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес құруы арқасында Қазақстан фармацевтикалық саласының жалпы деңгейі көтеріліп, отандық компанияның бәсекеге қабілетті өнімдер қоржынын қалыптастыру кезінде жаңа стандарттар мен озық әлемдік тәжірибені қолдануға жағдай жасалып отыр.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР