Шымкентте оқу-жаттығу жиындары өтуде

      Шымкент қаласында 12-15 қыркүйек аралығын қамтитын азаматтық қорғаныс бойынша кешенді ірі оқу-жаттығу жиындары өтуде. Оқу-жаттығу барысында техногенді төтенше жағдай кезіндегі басқару органдары мен азаматтық қорғаныс құрылымдарының іс-әрекеті пысықталады. Бұған қоса азаматтық нысандардың төтенше жағдайға дайындығы тексеріледі.

      Ұйымдастырушылардың жоспарынша, осынау кешенді оқу-жаттығулар барысында қала тұрғындарының табиғи апат кезіндегі іс-әрекетін пысықталады және төтенше жағдайларға дайындық деңгейі жоғарылайды. Мұндай оқу-жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады және қала тұрғындары үшін үйреншікті іс-шараға айналған. Оқу-жаттығу барысында баспанасыз қалған азаматтарға арналған шатыр қалашығы құрылады, көпқабатты үйлерде апатты-құтқару жұмыстары атқарылады, жалпы қалалық сейсможаттығу және өзге де іс-шаралар өткізіледі.

      - Мұндай жаппай жаттығулар еліміздің барлық сейсмоқауіпті өңірлерінде өткізіледі, арасында біздің облыс та бар. Мұнда магнитудасы 8 балға дейінгі жер сілкінісі болуы мүмкін, сондықтан әр үш ай сайын барлық мекемелер мен мемлекеттік басқару органдары оқу-жаттығу өткізуге міндетті. Облыс тұрғындары табиғи апат болған кезде қай жерде болмасын - көпқабатты немесе жеке үйде, таулы немесе жазық жерлерде қалай әрекет ету керегін білуі тиіс, - дейді ОҚО ТЖД бастығының орынбасары Батырғали Сопбеков.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР