588,8 гектарды құрайтын жер телімі мемлекет меншігіне алынған

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы жалпы аумағы 588,8 гектарды құрайтын жер телімі және 785 меншік иесінің жылжымайтын мүлкі мемлекет меншігіне алынған. Бұл мәселе қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы үшін «Евразия» базары маңындағы, сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарлар құрылысы үшін Көмешбұлақ тұрғын алабынан, жол құрылысын салу үшін «Тұран» шағынауданынан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қонаев даңғылы, Өтегенов көшесі, Оңтүстік айналма жолы, Бәйтерек көшесі мен Алматы айналма тас жолы бойындағы жер телімдері де мемлекеттің қажеттілігіне алынбақ.

– Ең бастысы, әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындармен өзара тығыз байланыста жұмыс істей білгені жөн.  Яғни, меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, қажет болған жағдайда сотқа жүгінуге болатынын да ескертуі тиіс. Тұрғындар өз меншігін асыра жоғары бағалап, мәселені ушықтыра түспеуі керек. Біле білгенге, Астана мен Алматы қалаларымен салыстыра алғанда Шымкенттегі жер телімдерінің бағасы әлдеқайда төмен. Сөйте тұра, мемлекет мұқтаждығы үшін біздер меншік иелеріне аталған қалалармен бір деңгейдегі бағаны ұсынудамыз, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Күн тәртібінде тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстарының барысы бойынша тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Марат Жұманов баяндама жасады. Мәлім болғаны, бағдарлама аясында 2011 жылдан бері орта есеппен әр жыл сайын 20 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы көпқабатты 21 үйді ретке келтіру үшін 217 миллион 638 мың теңге қаржы бағытталған.

– Қала аумағындағы 943 көпқабатты тұрғын үйдің 302-сі 1960 жылдары салынған, бүгінде әбден тозығы жеткен халде. Бүгінгі қарқынмен жұмыс жасар болсақ, ісіміз бірнеше ондаған жылдарға созылатын түрі бар. Ендеше, бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсу үшін  тиісті сала мамандарына әр жыл сайын кемі 100 тұрғын үйде жаңғырту жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, – деді Ғ. Әбдірахымов.

Осы орайда, сала мамандарына арнайы міндеттер жүктеген қала әкімі жұмыстардың орындалу барысын өз қадағалауына алатынын жеткізді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР