Қала әкімі Рысқұлов көшесі бойындағы жерасты өткелінің құрылысын тексерді

Рысқұлов көшесінің бойындағы "Самал" базары маңындағы қозғалыс қазан айының соңында қалпына келтіріліп, қараша айында жерасты өткелі ашылады. Мердігер компания «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС жетекшісі қала әкімінің алдында осылай деп уәде берді.


   


Бастапқы жобаға сәйкес, жерасты өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталуы тиіс болатын. Дегенмен, мердігер нысанның құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауда. Қазір әрлеу жұмыстары атқарылып жатыр.


Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жерасты өткелінің айналасы жабайы саудаға айналып кетпесі үшін сол маңайға бөгет орнатуды ұсынды. Сондай–ақ бөгет қойылған соң көгалдандыру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.


Бұл өткел маңында полиция бекеті де ашылады. Бұл, бір жағынан, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан жабайы сауданың алдын алуы тиіс.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР