Шымкентте халықаралық туристік форум өтеді

Шымкентте  14-16 қараша аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылатын шара Алматы, Жамбыл облыстарынан басталып, ОҚО өңірінде аяқталады.  Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.

Форум барысында мамандар туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасады. Сондай-ақ, туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылып, оған алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Солардың ішінде қытайлық туристік ұйымдар аса қызығушылық танытып отыр.

Жылдың алты айдағы қорытынды есебі бойынша, Оңтүстікке 128 мың турист келген. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 55 пайызға артқан.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР