Шымкентте жүк сақтайтын жаңа кешен іске қосылды

Шымкенттегі орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» А + санатындағы жаңа кешен іске қосылды. Ел Президенті Н. Назарбаев кешеннің ашылу салтанатын телекөпір арқылы тамашалады.

Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдар бар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ вице-президенті Санжар Елубаевтың айтуынша, кешенге жыл сайын шамамен 1 млн тонна жүк өткізіледі. Шығыс-Батыс, Оңтүстік-Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы және толық сервистік желісмен қамтылған заманауи кешенде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Ресейден жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдері сияқты бұзылатын тауарларды сақтауға болады.

Мұнда кедендік рәсімдеу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қызметтері бір терезе қағидасымен жүргізілсе, бұған қоса уақытша сақтау қызметі де қарастырылған.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР