Жылына 20 миллион қорап дәрі шығарады

Елбасы Н. Назарбаев телекөпір барысында Шымкентте тағы бір цехтың ашылуына куә болды. «Химфарм» акционерлік қоғамы қатты дәрілер шығаратын құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жобаны кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асыруда. Жаңа цех жылына 20 млн қорап дәрі шығаруға қауқарлы. Өнімнің 80%-ы ішкі нарыққа, қалған 20%-ы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.


Заманауи құрылғылармен жабдықталған цехтаа 72 адам жұмыспен қамтылған. Мамандар басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Зауытта осымен төртінші цех ашылып отыр.


– Жаңа цехты іске қосқаннан кейін біз экспорттық әлеуетімізді 5 млрд теңгеге жеткізе аламыз, – дейді компанияның бас директоры Ижи Урбанец.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР