Әлеуметтік салаларға қосымша қаржы бөлінді

Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Депутат Ерболат Нұрмаханов төрағалық еткен сессия жұмысында екі мәселе қаралды.

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетін нақтылау мәселесі бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, нақтылау барысында қала бюджетінің көлемі 4 млрд 110,8 млн теңгеге ұлғайтылып, жалпы 131 млрд 232,7 млн теңгеге жетіп отыр. Өзгерістер тұрақты комиссияларда талқыланған.

Жалпы, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша білім, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, инженерлік-коммуникациялық жобалар бойынша қосымша қаржы қаралуда.

Сондай-ақ, облыстық бюджет трансферттері 408,9 млн теңгеге артқан. Негізінен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім бөліміне қосымша қаржы қаралып отыр.

Жиында №22 округтен сайланған қалалық мәслихаттың депутаты Рамазан Сейдахметұлы Бектұрғанов тұрақты комиссия мүшелігіне сайланды.  

Бір айта кетерлігі, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев мәслихаттың сессиясына алғаш рет қатысты. Жиында сөз алған шаһар басшысы қаланың дамуына  алда бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР