Азаматтарды жер қатынастары саласындағы мәселелерді шешуде өз үлестерін қосуға шақырамыз!

2017 жылы 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен облыс әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. 
 

Аталған меморандум аясында Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдеріне қатысты бұзушылықтар көп кездесетін жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.
 

Аталған сыртқы талдауды кешенді, әрі жан-жақты жүргізу мақсатында Департаментпен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Департамент пен облыс әкімдігі қызметкерлерімен қатар, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, халыққа қызмет көрсету орталығы мен академиялық қауымдастық өкілдері енді. Талдау жер қатынастары басқармасының қызметкерлерімен бірлесе жүргізілетін болады.
 

Сыртқы талдаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді жауапқа тарту емес, жиі кездесетін бұзушылықтарды анықтап, оларды жою мен болашақта болдырмау бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеу. Бұл Мемлекет басшысының жолдауының  бесінші басымдығындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту тапсырмасына сәйкес келеді. 
Жер саласына қатысты сұрақтар кез-келген азаматта кездесетіндіктен, ұсыныстар мен пікірлерді  арнайы әзірленген taldau2018@mail.ru поштасына 2018 жылдың қаңтар айының соңына дейін жолдауға болады.  
Сонымен қатар, 8 (7252) 51-51-51 сенім телефоны жұмыс істейді.

 

Азаматтардың пікірлері ұсынымдарды дайындау кезінде ескеріледі.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР