Шымкентте футбол академиясы ашылды

Шымкент қаласында "SANLIN" футбол академиясы ашылды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Қаратау ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұлов қатысып, жиналған ата-аналар мен жастарды құттықтады.

 

Бұл орталық Елбасының "Саламатты Қазақстан" жобасы аясында халқымыздың бұқаралық спортпен шұғылдануын басты негізге алып ашылып отыр. Аталған жобаның Шымкентте жүзеге асырылуына тікелей ықпал танытқан - бұған дейін "Procoffee", "Profootball", "Professionale", "Protech" секілді үздік жобалардың құрылтайшысы А.Нұрлыбаев. Жауапты мамандар бүгінгі таңда футбол академиясында 3-16 жас аралығындағы 80-нен астам жасөспірімнің әр аптаның сенбі-жексенбі күндерінде футболға жаттыға алатындарын жеткізді. Жас спортшылардыхалықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, машықтанған мамандар жаттықтырады.

 

   

 

Салтанатты іс-шара барысында футбол академиясының қатысушылары түрлі әдістермен сайысып, өзара футбол ойнады. Үздік ойыншылар мен құрамалар арнайы сыйлармен марапатталды. Спорттық шараға жергілікті БАҚ өкілдері де ақпараттық қолдау танытты.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР