Шымкент дәрігерлері бүйрек алмастыру отасын алғаш рет шетелдік азаматқа жасады

Шымкент қаласының дәрігерлері алғаш рет бүйрек алмастыру отасын шетелдік азаматқа жасады. Қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында Германия азаматы мен оған донор болған Украина азаматына отаны жергілікті транспатолог-дәрігерлер өз күштерімен жасады.

 

- Бұл - өңірімізде медициналық туризмді дамыту мақсатында қолға алынған алғашқы шара. Аталған саланы алдағы уақытта да дамыта береміз. Қазірдің өзінде Румыния, Болгариядан 2 азамат осы ауруханада ота жасауға жазылып қойды. Медициналық туризмді дамыту бағыты облыстық клиникалық ауруханада, кардиология, тері-венерологиялық диспансерлерінде де жүйелі жолға қойылуда, – дейді ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаев.

 

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері М.Бегалиев 32 жастағы донор өз еліне оралып, күрделі ота жасалған 50 жастағы шетел азаматы стационарлық ем қабылдап жатқанын айтты.

 

- Медициналық туризм саласында арнайы өкілдер трансплантация жасайтын медициналық ұйымдарды алдын ала зерттейді. Материалдық-техникалық база, дәрігерлердің біліктілігі, отаның құнын саралай келе олардың таңдауы біздің ауруханаға түсіпті. Ота 4 сағатқа созылды. Науқастың денсаулығы қазір жақсы. Таяу күндері өз еліне оралады, - деді бас дәрігер.

Айта кетерлігі, шетелдік азамат ота үшін 4,5 млн теңге төлеген. Ал Еуропа мен АҚШ-та трансплантацияның орташа құны - 60-70 мың доллардан басталады. Еске салайық, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында 2013 жылдан бері 100-ге жуық бүйрек, 15-ке жуық бауыр алмастыру отасы жасалған.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР