Қала қауіпсіздігі - басты назарда

Шымкент қаласында 3-9 ақпан аралығында жол қозғалысы бойынша 2823 әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіпті бұзғандардың ең көбі көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескендер, оларға қатысты 407 хаттама толтырылған.

 

Екінші орында қауіпсіздік белдігін тақпағандар - 377 жүргізушіге жаза қолданылды. 124 автокөліктің терезесі күңгірттелсе, мас халде автокөлік басқарғаны үшін 18 жүргізушінің үстінен, қарсы бағытқа шығу бойынша 8 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылған. Жалпы саны 310 автокөлік айыптұраққа жөнелтілген болса, оның ішінде 67 автокөлік эвакуатормен жеткізілген.

 

Бұған қоса қоғамдық тәртіпті бұзғандарға қатысты 578 әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық орында темекі тартқаны үшін 215 азамат жауапкершілікке тартылды, қоғамдық орында мас халде болғаны үшін 120 азаматтың үстінен әкімшілік хаттама толтырылды, ұсақ бұзақылыққа қатысты - 84 және кәмелетке толмаған балаларының түн ішінде үйінен тыс жерде жүргені үшін 56 ата-анаға қатысты хаттама толтырылған. Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына 143 адам жеткізілді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР