Шымкентте «Әр ұлттың бренді» көрмесі ұйымдастырылды

Шымкентте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Әр ұлттың бренді» тақырыбында тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде облыстық 12 этно-мәдени бірлестіктерінің кәсіпкерлікпен айналысып жүрген өкілдері өздері өндіріп жатқан тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті.

 

   

 

Іс-шараның ашылуында сөз алған ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің мәдени шаралар өткізумен шектеліп қалмай, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға да зор үлес қосып келе жатқанын айтты.

 

   

 

Өңіріміздің экономикасының өрлеуі мен әлеуметтік салалардың дамуына түрлі этнос өкілдері де өз үлестерін қосып отыр. Олардың қолынан шыққан дүниелерді көріп, үйрену шеберлік-сабақтарын өткізу үшін осындай көрме ұйымдастырудың тиімділігі зор. Көрме барысында азаматтар өз кәсіптерін неден және қалай бастағаны жайында өзгелермен тәжірибе алмаса алады, - деп түсіндірді М.Қалмұратов.

 

Бұған дейін осындай іс-шара Қарабұлақ ауылындағы мал бордақылау алаңы базасында және облыстық тәжік этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданындағы жылыжай кешендерінде өткен болатын. Сондай-ақ облыстық Ассамблея өкілдері диалог алаңын ашып, өңірдегі қаржы институттары мен кәсіпкерлікті қолдау ұйымдары өкілдерінің көпшілікпен кездесулерін ұйымдастыруда.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР