Шымкентте коммуналды қызметтің дайындығы тексерілді

Шымкентте көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қала әкімінің өкімімен төтенше жағдай комиссиясы құрылған. Комиссия құрамында қалалық төтенше жағдай басқармасының басшылық құрамы мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары мен шаһардағы 4 аудан әкімдерінің орынбасарлары, су шаруашылығының өкілдері, төтенше жағдай қызметкерлері бар.

 

 

Төтенше жағдай комиссиясының өкілдері алғашқы дайындықты пысықтады. Осы мақсатта қалалық әкімдіктің өкілдері мен төтенше жағдай басқармасының жетекшілерінен құралған жұмыс тобы алдымен шаһардағы коммуналды қызметке қарасты арнайы техникалардың дайындығын тексеріп шықты. Жауапты мамандар осы жерде тәулік бойы қызмет ететін диспетчерлік қызметтің жұмысын көрді.

 

 

   

 

 

Айта кетейік, шаһардағы коммуналды қызметті «ЛТД-Тұрмыс», «ЮгДорСервис», «Бәйтерек-ЛБ» және «СМД-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқарады. Олардың жұмыс базасында техникалар тексеруден өтіп, қажет босла жөнделеді. Жүргізушілер мен жұмысшылардың тамақтанатын және тынығатын орындары қарастырылған.

 

 

   

 

 

Көктемге дайындық барысында коммуналды қызметкерлер шаһардағы жалпы ұзындығы 146 шақырым болатын арық-атызды тазалап шығады. Оның арасында қала орталығындағы қоқысқа толған лотоктар мен шаһар аумағына қосылған елдімекендер арқылы ағып өтетін ірі каналдар бар.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР