Əкімдер қыз-келіншектерді құттықтады


Шымкент қаласы әкімдігінде 8 наурыз – əйелдердің халықаралық мерекесіне орай концерттік іс-шара ұйымдастырылды.

 

Салтанатты іс-шарада əкімдер мен жергілікті билік өкілдері Шымшаһардың дамуына үлес қосып жүрген ханымдардың құрметіне ән шырқап, өнер көрсетті.

 

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бастаған жігіттер тобы "Ана туралы жыр" әнін орындаса, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші жəне Қаратау аудандарының әкімдері "Анашым" әнін айтып, көпшілікті таң қалдырды. Ал құрылымдық бөлім басшылары ұлттық қиіммен ортаға шығып, "16 қыз" әнін шырқады.

 

  

 

Мемлекеттік қызметтегі сегіз қырлы, бір сырлы ер- азаматтардың музыкалық сәлемі осылайша шымкенттік ханымдар үшін ерекше тосынсый болды. Жиынға арнайы келген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Əйел заты – әлемнің сегізінші кереметі" деді.
Ал "Сіздер өмірді сұлулық және махаббатпен толтырасыздар" деген қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Жүрсін Ерманның "Әйелдер жайлы одасын" оқыды.

 

Салтанатты іс-шара барысында облыс əкімі Ж.Түймебаев көпбалалы аналарға алтын алқа тақты, халықтың демографиялық жағдайына үлес қосып жүрген ханымдарға алғыс айтты. Ал қала әкімі Н.Сауранбаев әр салада үздік қызмет еткен бірқатар нәзікжандыларға "Шымкент қаласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін" медалін табыстады. Мұндай марапатқа ие болғандардың арасында "Панорама Шымкента" газетінің ардагер тілшісі Светлана Ешджанова да бар.

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР