Шымкентте 50 көше орташа жөнделеді

Шымкентте 50 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыстарға биыл бюджеттен 710 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ақпан айында жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алудың электрондық байқауы өткізілді.

 

Нәтижесінде жөндеу жұмыстарын 5 мердігер компания жүзеге асыратын болды. Осыған сай шаһарда бірқатар көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Атап айтсақ, Дамба, Қошқарбаев, Ақынов, Ибрагим ата, Арал, Қайтпас-1 шағынауданындағы Береке көшесі, Майлин, Қарабура, Қаратал, Арғымақ, Серікбаев, Наурыз және өзге де көшелер жөнделеді.

 

Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 31,5 шақырымды құрайды. Айта кету керек, орташа жөндеу жұмыстары аясында жолдың асфальт қабатын қалпына келтіру және жол жабындыларын түзету, сондай-ақ, бұзылған жол төсемдерін және басқа құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылатын болады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР