Шымкентте Қазақстан Президенті жанындағы жастардың көшпелі отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі ХХІ пленарлық отырысы өтті. Кеңеске Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары мен ОҚО әкімі Ж.Түймебаев мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай, еліміздегі жастар ұйымдарының көшбасшылары, жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысты.

 

 

 

   

 

 

 

Пленарлық отырыстың күн тәртібінде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясындағы қазіргі қазақстандық жастардың құндылық пайымдары және өзекті тұстары, жастардың мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру жайы талқыланды. Жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінде ел жастары бейбіт өмірде, әлемнің кез келген мемлекетімен терезесі тең дәрежеде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

 

 

 

   

 

 

 

- Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары мен Үндеулерінде де жастарға айрықша көңіл бөліп келеді, - деді аймақ басшысы. - Ал биылғы Бес әлеуеметтік бастамасы жастарымызға серпін беріп қана қоймай, студент жастардың кедергісіз білім алуына, сондай-ақ жатақхана мәселесі және болашақта өз кәсібімен айналысуға, баспаналы болуды да қарастырып өтті. Ал біздегі жоғары оқу орындарында 7200-ден астам студент-жастар тұратын 26 жатақхана бар. Соңғы екі жылда облыста екі мемлекеттік жоғары оқу орнында 1000 орынды жатақхана соғылып, пайдалануға берілді. Ал биылғы ІІ жарты жылдықта студент жастарымызға арналған тағы да екі жатақхана салу көзделіп отыр.

 

Облыс әкімі, сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында ең үлкен  Қазақ жаңа инновациялық университетін салу жоспарланып жатқанын мәлім етті. Бүгінде білім ордасының ғимаратына 150 га жер бөлінуде. Он мыңға жуық студенттер білім алатын инновациялық университетте барлық сала қамтылып, студенттерге жатақханалар, тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар салу қарастырылған.

 

 

 

   

 

 

Жиында қоғамдық сананы жаңғырту және жастардың мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру туралы Дін істері және азаматтық қоғам, мәдениет және спорт министрлері мен «Жас Отан» жастар қанатының, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

 

Ең бастысы жастардың тарихқа, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген қызығушылығын оятуды айтқан Мемлекеттік хатшы ол үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп  жастар жобаларын әзірлеуді және ұлттық құндылықтарды зерттеу және қолдау орталықтарын ашу қажет екенін атап өтті. Сонымен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Алматы, Астана қалалары мен облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жастардың мәдени-демалыс орындарын қажетті материалдық-техникалық базамен нығайтуды және спорттық үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік жасауды айтты.

 

Айта кетейік, бүгінде облыстағы жастардың саны 750 мың шамасында, яғни, өңір халқының жалпы санының 26 пайызын жастар құрайды.

ontustik.gov.kz


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР