Шымкентте «Бірге жарқыраймыз!» атты ерекше фестиваль өтті

«Самал» шатқалында өткен фестиваль барысында Шымкентте бір мезгілде 80 000 ағаш көшеттері егілді. Сонымен қатар фестивальге қатысушыларға викториналық сұрақтар, жастар үшін «Энергиялық тиімді технологиялар әлеміндегі ойындар» квесті, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Фестиваль соңында ауқымды флешмоб өтті. Іс-шараға жалпы 6 мың адам қатысты.
 

 

   

 

Айта кетейік, аталған іс-шара 2018 жылы 30 наурызда Астана қаласынан басталды. Ұйымдастырушы – БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық маңызды бар бастамаларды дамыту қоры. Астанадан кейін фестиваль эстафетасы Шымкент қаласына берілген.
Фестивальге ОҚО әкімі Ж. Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Н. Сауранбаев, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты даму және қалану департаментінің бағдарламасының үйлестірушісі В. Байгазина, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының фандрайзинг бөлімінің директоры Е. Мажитов қатысты.

 

  


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР