Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Сіздерді Солтүстік өңірлері мен Шымкент қаласының бос жұмыс орындарына арналған республикалық жәрмеңкеге шақырады. Бос орындар жәрмеңкесі 2018 жылдың 19 сәуірі күні Шымкент қаласы Абай саябағындағы көркемсурет галереясында өтеді. Басталуы сағат 10:00-де.