Шымкентте алғашқы Арбат ашылды

Шымкентте қала тұрғындары көптен күткен Арбат ашылды. Сейіл мекені Бекет батыр көшесінің бойынан орын тепкен. Әрі бұл нысан 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай ел игілігіне беріліп отыр. Қала әкімдігінің жауапты мамандары 1 шақырымға созылған Арбат құрылысын 2 айдың ішінде аяқтады.

 

Арбаттың ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Ұлы Отан соғысының ардагелері қатысып, өз қуаныштарын жеткізді.

 

 

 

   

 

 

 

– Қаланың әр көшесін осылай абаттандыруға болады. Мұндағы басты мақсат – қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау, демалатын орындардың санын көбейту. Бұл жер қаламыздың ең тартымды демалыс орындарының бірі болмақ. Мұндай игі қадам қала тұрғындарының және жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда әсері мол. Жұмысты лезде қолға алып, дер кезінде аяқтаған қала әкімдігіне алғысымды айтамын, – деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.

 

Қаланың жасыл желегіне рең қосқан арбат әдемі гүлдермен көмкеріліп, жарық шашатын шамдармен безендірілген. Ландшафт дизайны көз тартады. Мұндағы 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылса, 2000 шаршы метр аумақта аяқжол бар. 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш түрлері мен 1000 түп раушан гүлі егілді. Түнгі арбатты жарық етуге 76 көше шамы мен 45 торшер қойылды. Демалыс аймағында, сонымен қатар, велосипед жолағы да қарастырылған. Келешекте бұл аумаққа Суретшілер үйін салу да жоспарлануда.

 

 

 

   

 

 

Облыс әкімі мұндай демалыс орны алдағы уақытта А.Асқаров пен Бейбітшілік көшесінің бойынан да орын тебетінін атап өтті. Аймақ басшысы, сондай-ақ, «Ескі қаланы жаңғырту» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жансейіт Қансейітұлы  бұл аумақ та саялы орынға айналуы тиістігін айтты. Бүгінде аталған жоба аясында Ордабасы алаңынан Өзбек көшесіне дейінгі өзен бойымен жүріп өтетін 300 метрден астам аяқ жол көгалдандырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР