Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің ережесін бекіту туралы

Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ

17 наурыз 2016 жыл     №58/451-5с  Шымкент қаласы

Шымкент қаласының
Қоғамдық кеңесінің
ережесін бекіту туралы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңының 5-бабының 9-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 

1. Қоса берілген Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы        Б. Салимов

Қалалық мәслихат хатшысы                        Н. Бекназаров


Шымкент қалалық мәслихаттың 
2016 жылғы 17 наурыздағы
№58/451-5с шешімімен бекітілген 

 

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже


 

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі туралы» ереже (әрі қарай – Ереже) Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі (әрі қарай – Қоғамдық кеңес) азаматтармен, коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен құрылатын консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган болып табылады.
3. Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірлерін білдіру үшін құрылады.
4. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері
5. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделері мен жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау барысында жұртшылықтың пікірін есепке алуды білдіру;
2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Қоғамдық кеңестің 
өкілеттіктері
6. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну;
8) қоғамдық бақылауды қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстары туралы есебін тыңдау үлгісінде жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін жергілікті өкілетті органға енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

4. Қоғамдық кеңестің 
жұмысын ұйымдастыру
7. Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен азаматтардан қалыптастырылатын жұмыс тобынан құрылады.
8. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі 3 (үш) жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайланады. Бір тұлға қоғамдық кеңестің мүшелігіне тек бір рет қана сайланады.
9. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті өкілетті органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) жергілікті өкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
10. Қоғамдық кеңестің жоғары органы және жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады.
Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқанда құқылы болып есептеледі.
11. Қоғамдық кеңес халықты:
1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.
12. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Шымкент қаласының мәслихатының интернет-ресурсында жарияланады.
13. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады, осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының құрамы сайланады.
Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына төраға және хатшыдан басқа, қоғамдық кеңестің қатысуымен құрылған сондай-ақ, мемлекеттік орган басшысы төрағалары мен Қоғамдық кеңестің жеке мүшелері, кіреді.
14. Қоғамдық кеңес төралқасы Қоғамдық кеңес қызметіне жетекшілік етеді.
15. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
16. Қоғамдық кеңестің төрағасы оның мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан сайланады.
17. Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
18. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді;
3) Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
19. Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
20. Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Қоғамдық бақылау қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстары туралы есебін тыңдау үлгісінде жүзеге асырылады.
21. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындығын арттыру;
2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды жүзеге асыру;
3) азаматтардың мемлекеттің және оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін жоғарылату, қоғам және мемлекет арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және шешу;
4) тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процестеріне тарту.
22. Қоғамдық кеңес осы ереженің 6-тармағының 2) 3) 4) 6) 7) 8) тармақшаларымен көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша бір ай ішінде, ал 6-тармақтың 1) тармақшасы бойынша – 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлғасының қолы қойылған дәлелді бас тарту беретін тиісті мемлекттік органға ұсынымдар енгізеді.
23. Қоғамдық кеңестің ұсынысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер мен уәжді жауапты беретін мемлекеттік органның қарауы үшін міндетті болып табылады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР