Астана – Тәуелсіздік тұғыры

Құрметті шымкенттіктер!


Сіздерді халқымыздың мақтанышына айналған, Отанымыздың жүрегі – ару қаламыз – Астананың туған күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді.
Бүгінгі таңда елдің төрі – Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.
Астана қаласы аз уақыттың ішінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Елордада әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, маңызды экономикалық және мәдени халықаралық іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Ол Еуразияның кіндік қаласына, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға, отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қалаға айналды.
ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Астана қаласында ЭКСПО халықаралық көрмесі өтуде. ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етті. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз.
Еліміздің Астана және Алматы қалаларымен бірге Шымкент қаласы да үшінші мегаполиске айналып бой түзеп келе жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Биыл Шымкенттi бір миллион тұрғыны бар қала деп жариялаймыз. Миллионды шаһар осылайша өңiрдiң дамуына тың серпiн береді», – деген болатын.
Бұл ретте мегаполис мәртебесіне ие болатын Шымкент қаласында күн санап зәулім ғимараттар салынып, әлеуметтік нысандар мен жаңа саябақтар ел игілігіне берілуде.
 

Қадірменді жерлестер!

Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен, бейбітшілік пен келісім астанасының мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Сүйікті әсем қаламыз – Астана көркейе берсін!

Ғабидолла Әбдірахымов,
Шымкент қаласының әкімі


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР