Мүлікті заңдастыру

     Қала әкімінің 2016 жылғы қаулысына сәйкес, аудан әкімдіктерінің жанынан құрылған комиссия өтініштерді қабылдау жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, күні бүгінге дейін Әл-Фараби ауданында жалпы құны 147 миллион теңгені құрайтын 19 өтініш қабылданған.

     Еске сала кетейік, ел аумағында мүліктерді заңдастыру жұмыстары 2016 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылып отыр. 2018 жылдан бастап жалпыға бірдей азаматтардың кіріс және шығыс шығындары есептелетін болады.

 

     Қаратау ауданына қарасты елді мекен тұрғындарының назарына!

     Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппаратында ауданға қарасты елді мекен тұрғындарынан мүліктерді жария ету бойынша құжаттарды қабылдау жүргізілуде.

     Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген  жылжымайтын мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мүлікті орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. өтініш - 2 дана;
  2. жеке куәлік көшірмесі;
  3. тұрғылықты мекен-жай туралы анықтама;
  4. ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі жөнінде аттестаталған сарапшының қорытындысын;
  5. техникалық паспорттың нотариат куәландырылған көшірмесі;
  6. құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

      Қосымша ақпаратты Қаратау ауданы әкімі аппаратынан алуға болады («Нұрсәт» шағынауданы, 24,). Байланыс телефоны 42-10-22.  

     Жария ету жұмыстары жалғасуда

     Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» №213-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014жылғы  29 тамыздағы №959 қаулысына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған  мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия бүгінге дейін өзінің нәтижелі жұмысын жүргізіп келеді. Атап айтсақ, аудан тұрғындарына  мүлікті жария ету жұмыстарын кеңінен насихаттау мақсатында  арнайы кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары   арқылы (телеарналар мен басылым беттері) хабарландырулар жарияланса, ауданның орталық  көшелеріне тұрғындар назарына арнайы билбордтар ілу және аудан елді мекендеріне ақпараттық хабарламаларды тарату жұмыстары ұйымдастырылды.

     Бүгінде аудандық комиссияның сапалы жұмысының нәтижесінде жыл бойына 896 өтініш қабылданып, оның 624 жария етілсе, 191 өтініш комиссия құрамының шешімімен жария етуден бас тартылды. Ал, жария етілген өтініштер құнының көрсеткіші 5 922 125 061 теңгені құрап отыр.

     Комиссия жұмысы бір жыл көлемінде өз жұмысын облыстық деңгейде үздік атқарып келеді. Алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

     Б. НАРБЕКОВА, Қаратау ауданы әкімі орынбасары

  


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР