Жастар саясаты

Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге  асырылу барысы туралы
 

Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мақсатында облыс әкімінің қолдауымен 2011 жылы Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Солардың бірі Шымкент қаласы әкімдігінің жанында құрылған  «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 4 бөлім 17 штаттық құрылымда жұмыс атқарып келеді.

Атап айтар болсақ, Ұйымдастыру және әкімшілік шаруашылық бөлімі -3 штаттық құрлымда; Талантты жастарды қолдау және іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі – 4 штаттық құрлымда; Жұмыспен қамтуды үйлестіру және кәсіпкерлікке қолдау көрсету бөлімі – 3 штатық құрлымда; Талдау және мониторинг бөлімі – 3 штаттық құрлымда – жұмыс жасап келеді.

Шымкент қаласы аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджет есебінен іс-шараларға:

2012 жылы 3 156 000 (үш миллион бір жүз елу алты мың) теңге

2013 жылы 13 773 00 (он үш миллион жеті жүз жетпіс үш мың) теңге

2014 жылы 20 000 000 (жиырма миллион) теңге

2015 жылы 17 000 000 (он жеті миллион) теңге қаралып отыр.

Статистикалық деректерге сүйенер болсақ бүгінгі таңда қаламызда 240 мың 531 жас азаматтар тұрады немесе олар қала халқының 30 пайызын құрайды. Оған қоса
90 мыңнан астам студент жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында білім алуда.

Қалада 126 мектеп, 10 ЖОҒАРЫ (оның 4 мемлекеттік), 40 АРНАУЛЫ ОРТА ОҚУ ОРЫНДАРЫ (оның 14 мемлекеттік) бар.

Жалпы орта мектепріндегі оқушылар саны – 147 777.

9-сынып бітіргендер саны – 11901.

11-сынып бітіргендер саны – 6519.

2014-2015 оқу жылын алтын белгімен бітірген түлектер саны – 80, үздікер саны – 41.

Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысқан оқушылар саны – 3921, ҰБТ-дан өткен оқушылар саны – 3584. Оның ішінде:

145 оқушы - 45-50 балл аралығында;

343 оқушы - 55-60 балл аралығында;

511 оқушы - 65-70 балл аралығында;

543 оқушы - 75-80 балл аралығында;

620 оқушы - 85-90 балл аралығында;

602 оқушы - 95-100 балл аралығында;

820 оқушы 100-ден жоғары жинаған.

Сонымен қатар мектептің қоғамдық өміріне белсене ат салысып қатысып жүрген оқушылар саны – 63 034. Оның ішінде атап айтқанда: білім-ғылым саласы бойынша – 5820, өнер – 14 777, спорт – 42 437.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі және сыртқы бөлімдерінде оқитын студент жастары - 91 967.

Оның ішінде КҮНДІЗГІ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІ – 69 151,

СЫРТҚЫ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІ – 22 816 құрайды.

2014-2015 оқу жылдарында – 24 434 жас білімін тәмамдап жас маман атанып отыр.

 

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ
 

2015 жылдың 18 сәуір күні Шымкент қаласы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (А. Байтұрсынов көшесі, н/ү) өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өтті. Жәрмеңкеге барлығы 183 мекеме қатысып, 1300 бос жұмыс орындары ұсынды, 3 мыңға жуық жұмыс іздеушілер қатысты.

Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына: білім саласы бойынша 68 мекемеге 109 азамат, денсаулық сақтау саласы бойынша 38 мекемеге 57 азамат, құрылыс саласы бойынша 8 мекемеге 48 азамат, өнеркәсіп саласы бойынша 38 мекемеге 133 азамат, мәдениет саласы бойынша 6 мекемеге 16 азамат, қызмет көрсету саласы бойынша 25 мекемеге 93 азамат, жалпы алғанда 183 мекеме бойынша 456 азамат тұрақты жұмысқа жолданды.

Ал уақытша жұмыс орындары бойынша: жастар практикасына, 300 мекемеге 160 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 30 мекемеге  200 азамат, жалпы алғанда
330 мекемеге 360 азаматтар уақытша жұмыс орындарына жолданды. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолданған азаматтардың ішінде 22-сі мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

2015 жылдың 6 айында жұмыс іздеп өтініш білдірген жастардың көрсеткіші

 

Атқарылған жұмыстар

2014 ж.

2015 ж.

Жұмыс іздеп келгендер

Оның ішінде: Жастар

23 329

11 152

9 870

4 418

Жұмысқа орналасқандар

Оның ішінде: Жастар

21 019

8 749

6547

3 361

Жастар тәжірибесі бойынша

1 945

633

 

Сондай-ақ Шымкент қаласындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жастар тәжрибесі» бағдарламасы және «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс отрядтары» жастар жасақтары бойынша жастар жұмыс атқаруда.
 

Атап айтқанда:

Іс-шара атауы

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

«Жасыл ел»  жасақтары

350

400

560

«Студенттік құрылыс отряды» жасақтары

365

458

500

 

«Нұрлы жол» шеңберінде құрылыс жұмыстарына тартылған жастар туралы мәлімет
 

Мердігер мекеме

Жастар саны

ЖШС «Комстроймонтаж»

7

ЖШС «АРТ»құрылыс

9

ЖШС «Жол құрылыс и Ко»

8

ЖШС «ГХ» Шымкент газ»

11

ЖШС «Шымкент жол жөндеу шаруашылығы»

12

ЖШС «Шымкентмай»

8

ЖШС «Эристайл-Казахстана»

13

ЖШС «Барат и Ко»

14

ЖШС «Корпарация Сити Строй»

11

ЖШС «Аль Декей»

8

Барлығы

101

 

Оңтүстікте «Жасыл ел» жасағы жұмысын бастады. Қала аумағындағы саябақтар мен қоғамдық орындарды көгалдандыру, гүлдендіру үшін бүгінде 208 студент жұмылдырылып отыр. Ел аумағында «Жасыл ел» жазғы уақытта жастардың демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде жасақта еңбек еткен жастолқынға 36800 теңге жалақы төленеді. Оның 18400 теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, қалған еңбекақысы мердігер компаниялар тарапынан төленеді. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасында өзгерістер бар. Мәселен, шаруа кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Анығырақ айтсам, бізге, Оңтүстік Қазақстан облысына республикалық штабтан 857 адам бөлінді. Қазіргі таңда 208 жас жұмыс атқаруда. Оның 50-і Шымкент қаласында, қалған 158-і аудандарда жүр.   Биыл «Жасыл ел» жасағында 857 жас еңбек етеді. Жасақтағы жастар   36800 теңге жалақы алады. Студенттер қаланы абаттандыру үшін күніне 8 сағат жұмыс жасайды. Студеннтер Арыс, Ордабасы, Мақтарал, Кентау аудандарына аттанды. Енді сол 857 адам қыркүйек айына дейін уақытпен бөлініп, кезекпен жұмыс жасайтын болады.
 

2015 жылғы 26 маусым күні Шымкент қаласы Жангелдин көшесі, 13а «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ғимаратының алдында бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс берушілердің ұсынған бос жұмыс орындары жұмыссыз азаматтарға жалпы 1148 бос жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтсақ білім саласы бойынша 175 жұмыс орны құрылыс саласы бойынша  63 жұмыс орны, өнер кәсіп саласы бойынша 129 жұмыс орны, қызмет көрсету салысы бойынша 421 жұмыс орны, мәдениет саласы бойынша 51 жұмыс орны, денсаулық саласы бойынша 174 жұмыс орны, инфрақұрлымдық жоба бойынша бос жұмыс орындары 135 жұмыс орны ұсынылды.

 

ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ

 

Шымкент қаласында 57 763 кәсіпкерлер бар. Қаламыздағы ірі зауыттар мен кәсіпорындарда жастармен тығыз жұмыс жасау мақсатында «жастар ұйымдарын» құру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда 12 кәсіпорында жастармен жұмыс жасайтын жастар ұйымдары құрылып, олардың жастар ұйым төрағалары тағайындалып, қаламыздың жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысып келеді.

Бүгінгі таңда «Кәсіпкерлік мектебінен» 151 жас білім алды сонымен қатар 21 жас қосымша кеңес алған. Оның ішінде 1 жас қаржылай 2 миллион теңге көлемінде қолдауға ие болды.  

Атап айтсақ:

2013 жылы 4 кәсіпорында жастар ұйымдары құрылған. Олар: («Карона»  Макарон фабрикасы ЖШС-де, «Завод Модуль» ЖШС-де, «ҚазМақта» АҚ - да, «Оңтүстікжолсервис» ЖШС)

Ал 2014 жылы 5 кәсіпорында жастар ұйымдары құрылған. Олар: («Фиркан» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «ВИЗиТ АЗС» ЖШС, «Оңтүстік жарық Транзит» ЖШС және «Нимекс-Транс» ЖШС) .

Ал 2015 жылы  3 кәсіпорында жастар ұйымдары құрылды.   Олар: («Отау строй» ЖШС және «Шымкентмай» АҚ, «KARLSKONA LC AB» ЖШС)  

 

ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

2015 жылғы 24 ақпан күні  Халықаралық гуманитарлық - техникалық уиверситетінің мәжіліс залында 2014 жылдың үздік «Жас ғалым»  номинасиясының иегері Чингиз Есенбекұлымен  студент жастары кездесті. Кедесу барысында ғылым саласында жетекшілермен жұмыс жасау, өзге ғылыми жобаларды бақылау олардың ішінен өзіңнің жобаңдағы керекті жерлерін ала отырып қоғамда қызығушылық тантатын, өмірде қажет ететін жобалармен таныстырып жүзеге асыру бағытында қандай жұмыс атқару қажеттігі жөнінде баяндама жасап. Жастар тәжрибие алып сұрақтармен алмасты.

2015 жылғы 5 наурыз күні Шымкент қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 16-25 жас аралығындағы арулар арасында 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «КӨКТЕМ АРУЫ-2015» атты байқауы өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды  І кезең «Өнерлі қызбен ел мақтанар!» ІІ кезең «Сұрақ-жауап» ІІІ кезең «Сымбатқа парасат сайкелсе...» байқаудың ережесіне сәйкес бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын «Көрермендер көзайымы», «Ақылына көркі сай» «Ерке ару», «Өнерлі ару», «Көрікті ару», «Бұрымды ару», «Ай дидарлы ару», «Дарынды ару» атанған аруларға алғысхаттармен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, «Аналарды аялайық!» іс-шарасы аясында көп балалы, қоғамдық жұмыстарда белсенді, Шымкент қаласының атын шығарып жүрген жастардың аналарына алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

2015 жылғы 3 маусым күні Шымкент қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастарының қатысуымен мерекелік шеру  өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты -

2015 жылы 12 тамыз күні жастар күніне орай Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Біркөлік тау шатқалында «Жас толағай» атты спорттық-сауықтыру демалыс шарасы ұйымдастырылды. Екі күнге белгіленген игілікті шараның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, қаланың белсенді жастарын салауатты өмір салтына қалыптастырып шынықтыру, спорттық белсенділіктерін шыңдап, рухани белсенділікті арттыру, Отанға, елге деген сүйіспеншілікті дамыту болып табылады. Жиынға қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар ұйымы төраға мен төрайымдары және спортшылар, қоғамдық бірлестіктер мен белсенділерден құралған 40 қа жуық жастар қатысты.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР