Шымкент қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылдың негізгі міндеттері туралы

25.01.2017 ж


Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:
 

1.

Шымкент қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылдың негізгі міндеттері туралы
 

2.

Қаланың 2016 жылға арналған бюджетінің атқарылу қорытындысы туралы

 

3.

Қаланың атқарушы органдарында 2016 жылдың қорытындысы бойынша азаматтардың арыз-шағымдарын қараудың    жағдайы  туралы

 

4.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы
 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша баяндама жасаған экономика және қаржы  бөлімінің басшысы К.Жанбосынов, 2016 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 326,9 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 4 пайызға, оның ішінде өндеу саласы 4,1 пайызға артқанын,  ауылшаруашылық өнімінің көлемі 3,0 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 23,0 пайызға,  іске қосылған тұрғын үй көлемі 13,5 пайызға, бөлшек сауда көлемі 0,9 пайызға, автомобиль көлігімен тасылған жүк көлемі 1,9 пайызға өскенін атады.  Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде 11 127 адамды жұмыспен қамту шаралары  жоспарланып, жыл соңына 19 906 адам қамтылған немесе жоспар 78,9 пайызға асыра, «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 50 931 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту деңгейі  82,7 пайыз құраған немесе жоспар 3,1 пайызға асыра орындалған. Баяндамашы қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оңды істер мен орын алған кемшіліктерді атап, келесі жылғы жоспарларға тоқтады.

 

Мәжіліс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, К. Жанбосынов 2016 жылдың қорытындысы бойынша қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің орындалу қорытындысына және орын алған кемшіліктерге тоқтады.

 

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджетті орындау  қорытындысы бойынша, былтырғы жылға жоспарланған көптеген жобалар іске асырылғанын, бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалғанын, соның нәтижесінде біршама проблемалар өз шешімін тапқанын айтып, 2017 жылға жоспарланған межелердің  толыққанды орындалуына бар күшті салу керектігін айтты.

 

Үшінші мәселе бойынша сөз алған қала әкімі аппарты жалпы бөлімінің басшысы Б. Бахтыбаева 2016 жылы бойынша қаланың атқарушы органдарында   азаматтардың арыз-шағымдарын қарау қорытындысына жасалған зерделеу жұмыстарының қорытындысын баяндады.

 

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов, мекемеге жеке және заңды тұлғалар тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарды, өтініштерді заңда белгіленген мерзімде және толыққанды орындау әр мемлкеттік қызметшінің негізгі міндеті екенін еске сала отырып, осы салада заң бұзушылыққа жол берілмеуін талап етті.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулысын ұсынды.Қаулылар жан-жақты талқыланып ,қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Танымал мемлекеттік қызметтер

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

- Мекенжай анықтамасы

- Зейнетақының аударымы туралы анықтама

- ЖЖЕ айыппұлдарын төлеу


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР