Жобалар

«Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар»

Қазақстан 2020 жылы экологиялық жағынан таза елге айналуы тиіс. 2007 жылы Жапонияның Киото қаласында жасалған халықаралық келісім бойынша әлемдегі барлық ел осындай жағдайға жетуі шарт. Бұл мақсатты орындау үшін елімізде «Төменкөміртекті қала» бастамасы қолға алынды. Пилоттық жобаға Шымкент, Теміртау, Лисаковск және Тараз қалалары енген.

Кеңес дәуірінде Шымкент аспанын ірі алпауыт зауыттар түтінге бөккен болса, бүгінде автокөліктерден шығатын улы газдар ауа құрамын бұзуда. Халқы миллионға жеткелі тұрған қаланың ластануы әрине, қуанарлық жағдай емес. Сондықтан БҰҰ мен Қазақстан үкіметі экологиялық жағдайды реттеу үшін маңызды жобаны бастап кетті. 

 

«Төменкөміртекті қала» жобасы экологиялық тазалықты көздейді.

2015 жылдың  5 қарашасында Астана қаласында өткен форумда Қазақстанда төменкөміртекті жобаларды ілгерілету арқылы қала инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыру мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Рахматуллаұлы Әбдірахимов қол қойылған меморандум аясында «төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы басталды.

Бағдарламаны  орындауға Шымкент қаласында 2016 жылы Бірлескен жұмысшы тобы құрылып, қаланың инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізе бастады. Өткен жылы қалада БҰҰДБ ұйымдастыруымен 3 семинар-тренинг өткізілді. Астана, Алматы қалаларында өткізілген конференцияларға тиісті бөлімдердің өкілдері қатысып келді.

Бекітілген іс-шара жоспары бойынша «Халықтық кеңсе (Фронт-офис)» ғимаратынан орын беріліп «қаланың тұрақты дамуын үйлестіру  орталығы» құрылылды және қала тұрғындарына тиісті материалдар таратылып,  көп қабатты үйлерді басқару жүйесін қалыптастыру жұмыстары жүргізіле бастады.

 2016 жылдың 16 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандадағы Тұрақты Өкілеттілігінің төрағасы Нуримаса Шимамура мырза мен облыс әкімі Ж. Түймебаевтың кездесуінде өзара экология саласында және қалаларда төменкөміртекті жобаларды ілгерілету арқылы қала инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыруға жұмыстар жүргізу келісімі негізінде туындаған 2018-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекітті.

Осыған орай, 2017 жылға меморандум аясында «төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасын орындауға және жоғарыда көрсетілген 2018-2020 жылдарға жоспарланған іс-шара жұмыстарының қала көлемінде сапалы жүргізілуіне қала әкімі Ғабидулла Рахматуллаұлының 2017 жылғы 31 мамырындағы «іс-шара жоспарларын бекіту туралы» №40-ө өкімімен бекітілді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР