Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебі

Жоба бағыты Кіші бағдарлама Атауы Мақсаты Қамтылған адам саны Жұмсалған қаражат, теңге Респуб. бюджет Демеушілер Іске қосылған обьекті лер саны Іс-шараның суреті
1 Туған жер Атамекен "Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау» акциясы 08.01.2018ж Қаратау ауданы Кәсіпкерлер мен меценаттарды балалар үйлеріне қолдау көрсетуге шақыру 50 адам - - 350 000 -
2 Туған жер Тәрбие және білім «Алтын адам» кіші жобасы аясында «Қазақстан тарихы», «География», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша қала мұражайларында сабақ өткізу. 09.01.2018ж Еңбекші ауданы Алтын адам кіші жобасы аясында мектеп оқушыларын қаладағы мұражайлармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. 100 адам
3 6 басымдық, 6 жоба 6 басымдық, 6 жоба "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасының мақаласын ілгерілету мақсатында аудан активімен кездесу өткізу. 10.01.2018ж Әл-Фараби ауданы Рухани жаңғыру мақаласын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында аудан әкімімен кездесу өтті. 150 адам
4 Туған жер Тәрбие және білім Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша аудан мектептерінің директорларымен семинар өткізу. 11.01.2018 ж Қаратау ауданы «Рухани жаңғыру» кеңсесі мүшелерінің қатысуымен аудан аумағына қарасты білім беру мекемелері басшыларымен кездесу өтті. 150 адам
5 Туған жер Тәрбие және білім "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасының мақаласын ілгерілету мақсатында кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізу. 12.01.2018 ж Ішкі саясат бөлімі "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да кездесу болып өтті. 50 адам
6 Туған жер Атамекен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын ілгерілету мақсатында аудан жеке кәсіпкерлермен кездесу. 15.01.2018 ж Еңбекші ауданы Аудан әкімі рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлерімек кездссу ұйымдастырылып өткізілді. 150 адам
7 Туған жер Атамекен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қала тұрғындары мен жастар арасында кездесу. 16.01.2018 ж Ішкі саясат бөлімі "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да кездесу болып өтті. 70 адам
8 Туған жер Атамекен «Менің Отаным – Қазақстаным» Туризмді дамытқан Оңтүстік – жас туристер станциясының мамандарымен кездесу. 17.01.218ж Еңбекші ауданы Менің Отаным Қазақстаным мекеп оқушылары арасында жарыс өтті. 130 мектеп
9 Туған жер Атамекен «Мен Донормын!» қайырымдылық акциясын өткізу. 18.01.2018 ж Қаратау ауданы Мен донормын қайырымдылық акциясы өтті. 50 адам
10 Туған жер Білім және тәрбие «Нашақорлық-қауіпті дерт» мектеп оқушылары мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. 19.01.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Өтеміс клубында аудан тұрғындары арасында «Нашақорлық-қауіпті дерт» үгіт-насихат семинары өтті. 20 адам
11 Туған жер Білім және тәрбие ЖОО және ОАОО студенттерінің арасында «Болашақ Қазақстан менің көз қарасыммен» атты қолөнер көрмесін ұйымдастыру. 22.01.2018 ж Абай ауданы «Болашақ Қазақстан менің көз қарасыммен» атты қолөнер көрмесі өтті. 200 адам
12 Туған жер Білім және тәрбие Елбасы Жолдауы бойынша «Жолдау білімнің жаңа көкжиегіне жетелейді» атты 7-9 сынып аралығында талдау өткізу. 23.01.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Елбасы Жолдауы бойынша «Жолдау білімнің жаңа көкжиегіне жетелейді» атты 7-9 сынып аралығында талдау өтті. 20 адам
13 Туған жер Атамекен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын ілгерілету мақсатында аудан тұрғындарымен кездесу. 24.01.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамасы бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өтті. 30 адам
14 Туған жер Атамекен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын ілгерілету мақсатында «Наурыз-пластик» ЖШС-і ұжымының жиналысы. 25.01.2018 ж Еңбекші ауданы Шымкент қаласындағы Наурыз пластик ЖШС-де рухани жаңғыру бойынша жиналыс өтті.
15 Туған жер Рухани қазына Оңтүстік аймақтық айтыскер ақындар кездесуін ұйымдастыру, ауданның көрікті жерлерімен таныстыру. 26.0.12018 ж Қаратау ауданы «Рухани жаңғыру» аясында «Шаршы алаңда шайырлар» атты кіші футбол турнирі өткізілді. 150 адам
16 Туған жер Атамекен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу өткізу. 29.01.2018 ж Қаратау ауданы Рухани жаңғыру бағдарламасын денсаулық сақтау мамадары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 100 адам
17 Туған жер Тәрбие және білім «Алаштың ардақтысы» Мемлекет қайраткері ақын публицист Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына орай тарихи танымдық сағат өткізу. 30.01.20108 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ақын Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай мектептер арасында танымдық сағаттар өткізілді. 23 адам
18 Туған жер Атамекен Менің Отаным – Қазақстаным кіші жобасы аясында «Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын» қалалық байқау. Әскери сайыс. 31.01.2018 ж Білім бөлімі «Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын» оқушылар арасында байқау өтті. 1550 оқушы
19 Туған жер Атамекен Тарих мұрасы «Туған жерге туыңды тік» экскурсия. 1.02.2018 ж Білім бөлімі Тарих мұрасы «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында мектеп оқушылары арасында экскурсия өтті. 200 оқушы
20 Туған жер Атамекен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын ілгерілету мақсатында «ХИМФАРМ» ЖШС-і ұжымының жиналысы 02.02.2018 ж Әл-Фараби ауданы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын насихаттау. 70 адам
21 Туған жер Тәрбие және білім Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қала тұрғындары мен жастар арасында ілгерілету мақсатында кездесу. 5.02.2018 ж Ішкі саясат бөлімі ЖОО ОАОО «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 100 адам
22 Туған жер Атамекен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын ілгерілету мақсатында аудан жастарымен кездесу өткізу. 6.02.2018 ж Әл-Фараби ауданы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 70 адам
23 Туған жер Атамекен Қорғасын зауытының алдындағы «Мәңгілік алаудың» айналасын тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастыру. 7.02.2.018 ж Абай ауданы Шымкент қаладағы Қорғасын зауытының алдындағы Мәңгілік алаудың айналасын тазалау жұмыстары жүргізілді. 50 адам
24 Туған жер Рухани қазына «Жаңғырған жаңашыл жастар» аудандық жас өнертапқыштар мен қолөнер шеберлері көрмесін өткізу. 8.02.2018 ж Қаратау ауданы №89 мектепте оқушыларның ұйымдастырукымен қолөнер көрмесі өтті. 100 адам
25 Туған жер Атамекен М.Мақатаевтың 87 жылдығына орай «Жас Мұқағали» атты Мұқағали Кенжетайұлымен кездесу өткізу. 9.01.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі М.Мақатаевтың 87 жылдығына орай «Жас Мұқағали» атты Мұқағали Кенжетайұлымен кездесу өткізілді. 100 адам
26 Туған жер Тәрбие және білім «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын бойынша Білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізу. 12.02.2018 ж Қаратау ауданы 12 ақпан күні №58 мекепте Рухани жаңғыру бойынша кездесу өткізілді. 100 адам
27 Туған жер Тәрбие және білім "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" атты бағдарламасын ілгерілету аясында жастар арасында пікір сайыс өткізу. 13.02.2018 ж Ішкі саясат бөлімі Қала жастары арасында Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша пікірсайыс өткізілді. 80 адам
28 Туған жер Атамекен Ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен поэзия кешін өткізу. 14.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ақын М.Мақатаевтың өлеңдерінен мектеп оқушылары арасында поэзия кеші өтті. 60 адам
29 Туған жер Тәрбие және білім «Тарих мұрасы» мектеп оқушыларын құнды құжаттармен жұмыс жасау негізінде ҒПК. Құжаттармен жұмыс. 15.02.2018 ж Білім бөлімі Тарих мұрасы мектеп мұғалімдері арасында ғылыми жұмыстар бойынша ашық сабақ өткізілді. 230 мұғалім
30 Шымкент қаласында ЖОО және ОАОО жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру. 16.02.2018 ж Ішкі саясат бөлімі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді. 50 адам
31 Туған жер Тәрбие және білім «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» аудандық қыздар форумын өткізу. 19.02.2018 ж Қаратау ауданы Қыздардың тәрбиесі ар-намысын қорғау мақсатында қыздар форумын өткізілді. 200 адам
32 Туған жер Атамекен «Салт – дәстүрі қазақтың сарқылмайтын кенмен тең» Тәрбие сағаты. 20.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақы салт дәстүр бойынша Тұсау кесер рәсімін балабақша бүлдіршіндерімен бірге өткізілді 20 адам
33 Туған жер Атамекен "Ерлікке тағзым" атты ауған соғыс ардагерлеріне арналған дөңгелек үстел өткізу. 21.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ерлікке тағзым атты ауған соғысы ардагерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті. 20 адам
34 Туған жер Рухани қазына «Рухани жаңғыру келешегіміздің басты бағыты», «Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті жалынды жастар» 22.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Абай атындағы кітапханасында «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында өткізген танымдық сағат өтті. 35 адам
35 Туған жер Тәрбие және білім Ауған Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 29 жылдығына орай "Арамызда ардагер" атты ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастыру. 23.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ауған жерінде әскери борышын өтеген кісілердің ерлігін мақтаныш ете отырып оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында ашық сабақ өтті. 35 адам
36 Туған жер Тәрбие және білім Аудан мектептердің тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру. 26.02.2018 ж Еңбекші ауданы Рухани жаңғыру бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімі тұрғындармен арнайы кездесу өтті. 200 адам
37 Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі «Ұлттың болашағы латын қарпі» дөңгелек үстел. 27.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Қош келдің қазақ әліпбиі" атты мерекелік іс-шара өткізілді. 21 адам
38 Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі «Латын әліпбиі рухани тәуелсіздік жолы» латын әліпбиіне көшу жобасы бойынша 7-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізу. 28.02.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Қош келдің қазақ әліпбиі" атты мерекелік іс-шара өткізілді 24 адам
39 Туған жер Атамекен Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ел іші-өнер кеніші» атты фестивалін өткізу. 1.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мәдениет бөлімі Рухани жаңғыру аясында «Ел іші өнер кеніші» атты тақырыпта фестиваль өтті. 200 адам
40 Туған жер Рухани қазына Рухани жаңғыру аясында «Ананың алақаны» атты мәдени іс-шара ұйымдастыру. 2.03.2018ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ананың алақаны» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылып өтті. 130 адам
41 Туған жер Атамекен Қоршаған ортаны қорғау және көркендіру мақсатында «1001 ағаш» акциясы. 5.03.2018 ж Абай ауданы Жаңаталап тұрғын алабы аумағындағы елді мекендерде қоршаған ортаны қорғау және көріктендіру мақсатында "1001 ағаш акциясы". 100 адам
42 Туған жер Рухани қазына "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасының мақаласын ілгерілету мақсатында «Аналар-асыл жандар» атты мерекелік іс-шара ұйымдастыру. 6.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі №119 Маятас орта мектебіне Аналар асыл жандар тақырыбында іс-шара өтті. 120 адам
43 Туған жер Рухани қазына "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында 8наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастыру. 7.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Халықаралық аналар мерекесіне орай коңцерттік бағдарлама ұйымдастырылп өтті. 140 адам
44 Туған жер Тәрбие және білім «Кемел келешек-кемеңгер жастарда!» белсенді жастар кездесуін ұйымдастыру. 8.03.2018 ж Қаратау ауданы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 150 адам
45 Туған жер Рухани қазына «Ана – әлемнің шуағы» аудандық аналар мерекесін өткізу. 9.03.2018 ж Қаратау ауданы «Ана әлемнің шуағы» мерекелік аудандық іс-шара ұйымдастырылды. 200 адам
46 Туған жер Рухани қазына "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" Абай атындағы орталық кітапханада ақын Әмзе Қалмырзаұлының туылғанына 65 жыл толуына орай кездесу өткізу. 12.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Әмзе Қалмырзаұлының 65 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырылды. 45 адам
47 Туған жер Рухани қазына Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында ұмыт қалған «Ұлттық тағам және ұлттық киімдер» байқауын ұйымдастыру. 13.03.2018 ж Абай ауданы Аудан аумағында Ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында ұмыт қалған «Ұлттық тағам және ұлттық киімдер» байқауы өтті. 200 адам
48 Туған жер Тәрбие және білім «Кемел келешек-кемеңгер жастарда!» белсенді жастар кездесуін ұйымдастыру. 14.03.2018 ж Қаратау ауданы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 150 адам
49 Туған жер Рухани қазына Халықаралық әйелдер күніне орай флешмоб ұйымдастыру. 15.03.2018 ж Абай ауданы ЖОО және ОАОО арасында "Халықаралық әйелдер күніне және Наурыз мейрамына орай» флешмоб өтті. 300 адам
50 Туған жер Рухани қазына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ел іші-өнер кеніші» атты фестивалін өткізу. 16.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шымкент қаласы Мәдениет бөлімі Рухани жаңғыру аясында «Ел іші өнер кеніші» атты тақырыпта фестиваль өткізілді. 160 адам
51 Туған жер Тәрбие және білім «Киіз үйдің құрамын білесің бе?» Сұрақ –жауап ойыны. 19.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Киіз үйдің құрамымен таныстыру мақсатында жастар арасында дөңгелек үстел өтті. 17 адам
52 Туған жер Рухани қазына Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мәдени іс-шара ұйымдастыру. 20.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қош келдің, Әз Наурыз» тақырыбында мәдени іс-шара ұйымдастырылып өтті. 300 адам
53 Туған жер Рухани қазына Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Ұлыс оң болсын» атты мәдени іс-шара ұйымдастыру. 21.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Наурыз тойына байланысты Көкбұлақ елді мекенінде мәдени іс-шара өтті. 200 адам
54 Туған жер Рухани қазына Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастыру. 22.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. 150 адам
55 Туған жер Рухани қазына «Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайық!» аудандық Наурыз мерекесін өткізу, 23.03.2018 ж Қаратау ауданы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі Қаратау ауданында тойланды. 500 адам
56 Туған жер Рухани қазына Салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Street workout» жарысын мектеп арасында ұйымдастыру. 26.03.2018 ж Абай ауданы Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, аудандағы мектептер арасында "Street workout" жарысы өтті. 500 адам
57 Туған жер Атамекен Әл-Фараби ауданы аумағында "Туған жер" бағдарламасы аясында киелі жерлердің суреттерінен көрме ұйымдастыру. 27.03.2018 ж Еңбекші ауданы Туған жер бағдарламасы аясында киелі жерлердің суреттерінен көрме өткізілді. 250 адам
58 Туған жер Рухани қазына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Көктем шақырады» атты мәдениет үйі өнерпаздарының концертін ұйымдастыру. 28.03.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қызылжар мәдениет үйінде Көктем шақырады концерттік бағдарламасы өтті. 180 адам
59 Туған жер Тәрбие және білім «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау барысында жастар мен кездесу өткізу. 29.03.2018 ж Ішкі саясат бөлімі Рухани жаңғыру бағдарламасын жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 50 адам
60 Туған жер Атамекен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізу. 30.03.2018 ж Қаратау ауданы Рухани жаңғыру аясында аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті. 100 адам
61 Туған жер Рухани қазына "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасының мақаласын ілгерілету мақсатында 1 сәуір күлкі күніне арналған КТК сайыстарын өткізу. 2.04.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 1-сәуір күлкі күніне орай КТК сайыстары өтті . 250 адам
62 Туған жер Рухани қазына 1 сәуір күлкі күніне арналған «Кел күлейік» атты әзіл-сықақ сайыстарын ұйымдастыру. 3.04.2018 ж. Еңбекші ауданы 1-сәуір күлкі күніне орай КТК сайыстары өтті. 180 адам
63 Туған жер Атамекен Аудан аумағында тазалық жұмыстарын жүргізетін мердігерлер арасында «Үздік мердігер» байқауын ұйымдастыру. 4.04.2018 ж Еңбекші ауданы Аудан аумағында тұрақты түрде өтіп отыратын үздік мердігер байқауы өтті. 500 адам
64 Туған жер Атамекен «Биікке бірге самғаймыз!» ауданның мүмкіндігі шектеулі жастарының жетістікке жеткен өңір азаматтарымен кездесуін өткізу. 5.04.218 ж. Еңбекші ауданы Бірге биікке самғаймыз атты мүгедек жандарға арналған арнайы кездесу өтті. 70 адам
65 Туған жер Атамекен Халықаралық, республикалықоблыстық спорттық жарыс жеңімпаздары арасында ілгерілету мақсатында кездесу. 6.04.2018 ж. Әл-Фараби ауданы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында спорттық жарыстар өткізілді. 150 адам
66 Туған жер Атамекен «Қарлығаш би», «Өткеннен қалған өнеге»/ Мемлекет қайраткері Төле би Әлібекұлының туғанына 355 жыл 9.04.2018 ж. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Дуалы сөздің дүлдүлі Төле Әлібекұлының толуына 355 жыл толуына орай іс-шара өтті. 23 адам
67 Туған жер Атамекен Жазушы Шойбек Орынбайдың туылғанына 65 толуына орай №1 кітапхана бөлімшесінде жазушымен кездесу кеші «Туған жердің пейілі». 10.04.2018 ж. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Туған жердің пейілі атты жазушы Шойбек Орынбайдың туғанына 65 жыл толуына орай жазушымен кездесу өтті. 25 адам
68 Туған жер Тәрбие және білім Откорм елді мекені тұрғындары арасында ілгерілету мақсатында кездесу. 11.04.2018 ж. Әл-Фараби ауданы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді 120 адам
69 Туған жер Атамекен «Бизнес сатысы бойынша» Экономикалық ойындар. 12.04.2018 ж Білім бөлімі Бизнесті қалай бастаймын тақырыбында экономикалық ойындар өткізілді. 100 оқушы
70 Туған жер Атамекен Самал-2 шағын ауданындағы ескірген аллеяны қайта жаңарту мақсатында сенбілік ұйымдастыру. 13.04.2018 ж Еңбекші ауданы Ескірген аллеялар мен ескерткіштердің айналасын тазалау мақсатында сенбіліктер өтті. 300 адам
71 Туған жер Атамекен «Бір өлке – бір кітап» акция аясында Белгіліжазушыәдебиет сыншысы, драматург Асқар Сүлейменовтің шығармалары бойынша кітап премьерасын өткізу. 16.04.2018 ж. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Белгілі жазушы Асқар Сүлейменовтің «Бір өлке- бір кітап» кітап пермьерасын өткізу. 35 адам
72 Туған жер Атамекен «Асқардай асыл азамат». жазушы Асқар Сүлейменовтің туылғанына 80 жыл толуына орай Абай атындағы орталық кітапханада әдеби кеш 17.04.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Белгілі жазушы Асқар Сүлейменовтің «Бір өлке-бір кітап» кітап премьерасын өткізу. 35 адам
73 Туған жер Рухани қазына «Астана болашақтың қаласы» тақырыбында сурет көрмесін аудан аумағындағы колледждер арасында ұйымдастыру. 18.04.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбында Астана қаласының 20 жылдығын атап өту. 200 адам
74 Туған жер Тәрбие және білім Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын Сәуле,Забадам ш/а. тұрғындары арасында ілгерілету . 19.04.2018 ж Әл-Фараби ауданы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстары өткізілді. 150 адам
75 Туған жер Атамекен «Шатқал бағдарламасы» аясында аудан аумағындағы шатқалдарда сенбіліктер ұйымдастыру 20.04.2018 ж Абай ауданы «Шатқал бағдарламасы» аясында аудан аумағындағы шатқалдарда сенбіліктер ұйымдастыру 300 адам
76 Туған жер Рухани қазына Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ел іші-өнер кеніші» атты фестивалін өткізу. 23.04.2018 ж Еңбекші ауданы Мәдениет бөлімі Рухани жаңғыру аясында «Ел іші өнер кеніші» атты тақырыпта фестиваль өтті. 170 адам
77 Туған жер Рухани қазына «Тәуелсіздік жырлайды» аудан аумағындағы мектеп оқушыларын зиялы қауым өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру. 24.04.2018 ж Қаратау ауданы әкімі аппараты Тәуелсіздің жырлайды аудан аумағында мектеп оқушылары арасында жарыс өтті 350 адам
78 Туған жер Атамекен Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалырымен зоосаябағына серуен. 25.04.2018 ж Абай ауданы Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалырымен зоосаябаққа серуен ұйымдастыру 200 адам
79 Туған жер Рухани қазына Оқушылар арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі бағыттарды ілгерілету мақсатында дөңгелек үстел өткізу. 26.04.2018 ж Еңбекші ауданы Рухани жаңғыру бағдарламасын ілгерілету мақсатында аудан тұрғындары арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. 60 адам
80 Туған жер Рухани қазына Азық-түлік жәрмеңкесі жұмыстарын ұйымдастыру. 27.04.2018 ж Кәсіпкерлік бөлімі Азық-түлік жәрмеңкесі жұмыстарын ұйымдастырылып өтті. 200 адам
81 Туған жер Тәрбие және білім Мектеп оқушыларының қатысуымен «Ардагерлерді құрметтейік» акциясы аясында ҰОС ардагерлерінің аулаларында сенбілік ұйымдастыру. 30.04.2018 ж Білім бөлімі, Абай ауданы Еңбекші ауданы ҰОС ардагерлерін ұлықтау мақсатында Ардагерлерді құрметтейік акциясын ұйымдастырып сенбілік өткізілді. 300 адам
82 Туған жер Атамекен «Ұлт ұлысқа ортақ үй-Қазақстаным» Мерекелік кеш. 1.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды балаға үйрету. Өз елін Отанын құрметтеп сүю керектігін ұғындыру мақсатында іс-шара өтті. 35 адам
83 Туған жер Атамекен 1 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Бірлігім-елдігімнің айнасы» атты іс-шара ұйымдастыру. 2.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Бірлігім елдігімнің айнасы» атты тақырыпта концерттік бағдарлама өтті. 50 адам 100 адам
84 Туған жер Атамекен «Татулық мекені -Қазақстан» аудандық түрлі ұлт өкілдерінің форумын өткізу. 3.05.2018 ж Қаратау ауданы Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен "Қазақстан халқы бірлігі күні" мерекелік іс-шарасы өткізілді. 150 адам
85 Туған жер Атамекен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын Текесу елді мекені тұрғындары арасында ілгерілету мақсатында кездесу. 4.05.2018 ж Еңбекші ауданы Мектеп оқушыларына Рухани жаңғыру мақаласын таныстыру мақсатында кездесу кеші ұйымдастырылып өтті. 120 адам
86 Туған жер Рухани қазына 9 мамыр Ұлы Отан соғысының 73 жылдық мерекесіне арналған «Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды» атты іс-шара ұйымдастыру. 7.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ұлы жеңіске 73 жыл толуына орай «Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды» тақырыбында іс-шара өтті. 30 адам
87 Туған жер Рухани қазына 9 мамыр Ұлы Отан соғысының 73 жылдық мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастыру. 8.05.2018 ж Еңбекші ауданы Ұлы жеңіске 73 жыл толуына орай «Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды» тақырыбында іс-шара өтті. 20 адам
88 Туған жер Тәрбие және білім Қазақстан Республикасының президентінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын қала жастары арасында ілгерілету. 10.05.52018 ж Ішкі саясат бөлімі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Мамандық таңдау-маңызды іс» атты мектеп бітіруші түлектерге семинар өтті. 70 адам
89 Туған жер Рухани қазына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету мақсатында облыстық аурухана ұжымымен кездесу өткізу. 11.05.2018 ж Еңбекші ауданы Аудан ауруханасында мекеме қызметкерлері арасында жиналыс өткізілді. 80 адам
90 Туған жер Тәрбие және білім «Шымкент қаласының тарихы» тақырыбында жас тарихшылар арасында дөңгелек үстел өткізу. 14.05.2018 ж Еңбекші ауданы Шымкент қаласының тарихи тақырыбында жас тарихшылар арасында байқау өтті. 100 адам
91 Туған жер Рухани қазына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ел іші-өнер кеніші» атты фестивалін өткізу. 15.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ел іші өнер кеніші» атты өнер байқауының іріктеу кезеңі өтті. 160 адам
92 Туған жер Атамекен «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Ежелгі қалалар тарихы» атты тарихи сағат өткізу. 16.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ежелгі қалалар тарихы» тарихи ашық сабақ өтті. 27 адам
93 Туған жер Тәрбие және білім "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасының мақаласын ілгерілету мақсатында №7 кітапхана бөлімшесінде тарихи кеш өткізу. 17.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шымкент қаласындағы №7 кітапханада рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттау мақсатында өткізді. 40 адам
94 Туған жер Рухани қазына Тұрғындар арасында «Үлгілі аула, үлгілі көше» байқауын ұйымдастыру . 18.05.2018 ж Абай ауданы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасыаясында тұрғындар арасында «Үлгілі аула, үлгілі көше» байқауы өтті 500 адам
95 Туған жер Рухани қазына «100 кітап» жобасы бойынша Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90жылдығына орай жазушы бенефисін өткізу. 21.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жыл толуына орай 100 кітап атты шығармашылық кеш өткізілді. 20 адам
96 Туған жер Тәрбие және білім «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел өткізу. 22.05.2018 ж Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері жөнінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды ескерту тақырыбын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті. 30 адам
97 Туған жер Тәрбие және білім «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Үш жүздің басын қосқан-Ордабасы»- атты іс-шара ұйымдастырылды 23.05.2018 ж Абай ауданы Шымкент қаласы Абай ауданының "Мәдениет ұлттық рухымыз" атты Кентау қаласындағы күндері өтті. 100 адам
98 Туған жер Тәрбие және білім «Кемел келешек-кемеңгер жастарда!» аудандық бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталған белсенді жастар кездесуін ұйымдастыру. 24.05.2018 ж Қаратау ауданы «Кемел келешек кемеңгер жастарда!» аудандық бәсекеге қабілетті жастармен кездесу өткізілді. 150 адам
99 Туған жер Атамекен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты Елбасының мақаласын ілгерілету мақсатында зиялы қауым арасында дөңгелек өткізу 25.05.2018 ж Еңбекші ауданы Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 50 адам
100 Туған жер Рухани қазына «Қош келдің, қасиетті Рамазан!» аудан мешіттерінде қайырымдылық іс-шараларын өткізу. 28.05.2018 ж Еңбекші ауданы Қош келдің қасиетті Рамазан кала аудандардағы мешіттерде қайырымдылық іс-шаралар өткізілді. 300 адам
101 Туған жер Тәрбие және білім Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын аудан балабақшаларының меңгерушілерімен, тәрбиешілері арасында ілгерілету мақсатында кездесу . 29.05.2018 ж Еңбекші ауданы Шымкент қаласындағы көптеген балабақша тәрбиешілерінің арасында Рухани жаңғыру мақаласын насихаттау жұмыстары жүргізілді. 100 адам
102 Туған жер Рухани қазына Туризмді дамыту аясында «Машат» демалыс орындарына дарынды САЗ колледжінің оқушылары мен жетім және жартылай жетім балалардың қатысуымен саяхат ұйымдастыру. 30.05.2018 ж Абай ауданы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 200 балалармен зоосаябаққа серуен жасалды. 100 адам
103 Туған жер Атамекен " Туған жер " бағдарламасы аясында фотосурет көрме ұйымдастыру. 31.05.2018 ж Абай ауданы "Туған жер" бағдарламасы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. 200 адам


КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.

 

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.  

Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.

Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.
 

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

 

2. Прагматизм

Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес.

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.

Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.

Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео­логиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді.

Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс.

Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?

Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды.

Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.

Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.

Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.


4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.

Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау­ма­ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын­дағы оқиғаға 100 жыл толады.

Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті.

Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.

Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ.

Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.

Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.

Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.

Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр­дымға кете жаздады.

Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко­ло­гиялық апат аймақтарына айналды.

Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.

Индустрияландыруды, әлеуметтік және өнді­рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуын осыған жат­қызуға болады.

Бұл кезеңде елімізде белгілі бір  жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң­ғы­руы еді.

Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді.

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.

Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.

Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.

Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.

Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.

6. Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды.

Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей.

Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?

Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.  

Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.

«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.

Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.

ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.

Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.  

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.  

VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.

Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.

V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.  

Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.

Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.

Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.  

Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.  

Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек.

Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.

Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.      

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.  

Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.

Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.  

Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз.

Оның мәні мынада:

1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.

2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.

3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.

Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?  

Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз.

Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.    

Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады.        

Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.

Бұл – мемлекеттің міндеті.  

Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.

Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.

Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.

Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс.

Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.

Бұл жерде де көп жұмыс бар.  

Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.  

Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.

Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.

Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.

Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.  

Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.

Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды.

Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.

Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.

Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.

Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.    

Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек.  Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:

1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.

2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.

3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар.

Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде.

Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.

Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.

Бұл жоба нені көздейді?

Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.

Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.  

Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.

Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.

Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.

Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек.  

Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.  

2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырамыз.  

Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр­лық­тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.

Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.

Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.  

Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.  

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.

Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи­ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал­дарының басты нысанасына айналуға тиіс.  

Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.  

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру.

3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.


www.akorda.kz



ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР