Сұрақ-жауап

Сәлеметсіз бе!! Мен Шымкент қаласы, Забадам м/а, Турсынбаев н/з үйдедің тұрғынымын. Біздің көшемізде жарық жоқтұғын, оны өз қалтамыздан төлеп сымын тарттық, алайда кешке теледидар көру мүмкін емес, тоқтың көзі өте төмен. Балаларым кешке сабақ орындай алмайды мүлдем. Онымен қоса, қоқыс тастайтын контейнерлер жоқ, газ құбыры жүргізілмеген, көшемізде асфальт жоқ. Осы мәселемен жергілікті әкімшілікке жүгінгеміз, БІРАҚ нәтиже жоқ. ҮЛКЕН ӨТІНІШПЕН хабарласып отырмын. ЕНДІ ҚАНША УАҚЫТ КҮТУІМІЗ КЕРЕК АЙТЫҢЫЗШЫ

 

Жауабы:Шымкент қаласы, Забадам шағын ауданы, Тұрсынбаев көшесінің жалғасына жер асты коммуналдық (газ, свет,су,кәріз) жүйелер толық жүргізілгеннен кейін, жолдарды асфальттау жұмыстары қарастырылатынын хабарлаймыз.


Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жастар саны көбейіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру және талдау жасайтын орталық бар ма?

 

Жауабы:Бүгінде қаламызда «Кәсіпкерлерді қолдау орталығы», «Даму», Кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Ырыс» микроқаржы ұйымы, «Максимум» инвестициялық орталығы жұмыс атқарып келеді.Ағымдағы жылдан бастап Үкімет азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту арнайы бағдарлама әзірлеп, бекітіп отыр. Егер бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс орындарына көңіл бөлсе, енді оқыту арқылы тек қана тұрақты жұмыс орындарына көңіл бөлінетін болады. Ең бастысы, адамдарға өз істерін ашуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік берілетін болады. Бүгінде қалада осы бағытта атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары мен концепциясы дайындалуда.


Аллаға шүкір қазір қоғамға қажетті дүниелерді дамытып жатырсыздар. Green Bus автобустарын халықтың қажеттілігіне деп бөлдіңіздер. Өтінеміз, сол автобустарға бір рет болсын тексеру жүргізіңіздерші, қазір көктем мезгілі, шаң көтеріліп жатқан мезгіл. Тек сол автобустың ғана емес, барлық автобустардың іші өте лас. Сол шаңнан қаншама вирус тарайды. Қаншама аяғы ауыр әйелдерге, кішкентай бөбектерге, сүйретіліп әрең жүрген қарттарымызға қиын ғой. Ауырған соң емделіп енді жазылсақ болды, қайтадан ауырамыз. Қоғамдық көліктерге амал жоқтан мінеміз. Кондукторларға неге таза ұстамайсыздар деп сұрап едім, ол біздің жұмысымыз емес, автобустың тазалығына қарайтын, айлық кәдімгідей бөлінетін қызметкерлер бар деді. Қайда сол қызметкерлер. 1-2 күн тзаламаса түсінеміз, автобустардың іші деген 1 ай, тіпті күз бен қыс мезгілінен бері шаңы мүлдем сүртілмеген. Автобустардың тазалыған қарайтын не болмаса сол мәселеге жауап беретін мекемелер бар ма? Өтінемін, сұрағымды бей-жай қалдырмасаңыздар екен...

 

Жауабы:Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағиданың талаптарына сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустар мен троллейбустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізілуі тиіс. Сол себепті, әр аптаның сейсенбі күндері өтетін жиналыста жоғарыдағы автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағиданың талаптарын сақталуын қамтамасыз етуді көлік мекемелерінің басшыларына тапсырылып Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бақылауына алынғандығын хабарлаймыз.


Габидолла Рахматоллаулы! Биз жас отбасы едик. Бир баламыз бар. Куеуим базарда сатушы болып жумыс истейды. Мен бала кутимымен уйдемин. Казир жалдамалы уйде турып жатырмыз. Баспана жонинде мемлекеттик 12 багдарламанын ешкайсысы бизге сайкес келмей жатыр. Кандай комек бере аласыздар.

 

Жауабы:Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; 1-1) ата-анасынан айырылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтарға;
3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Сондай-ақ, осы Заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттағы азаматтар жатады: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар. Кезекке тіркелу үшін иелігіңізде соңғы 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйдің болмауы, қалада тұрақты тіркеуде тұруыңыз және жоғарыда аталған санаттардың біріне енуіңіз қажет. Осы жағдайда ғана кезекке тіркелу үшін барлық тиісті құжаттарыңызбен мекенжайыңыз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласуыңызға болады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР